Жексенбі, 28 сәуiр, 16:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада паразитарлық аурушаңдық көрсеткіштері төмендеді

10.02.2022

1070 0

Паразитарлық аурулар бойынша Қызылорда облысында эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Өңір тұрғындары арасында паразиттік сырқаттанушылықтың едәуір төмендегені байқалады, бұл коронавирус инфекциясына қарсы белгіленген шектеу шаралары және санитариялық-эпидемияға қарсы профилактикалық іс-шаралар тиімділігіне байланысты деп болжанады.

Былтырғы жыл көлемінде паразитарлық ауру жұқтырудың 178 дерегі тіркелді, 2020 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда аурушаңдық деңгейі 20,5%-ға төмендеген, оның ішінде балалар арасындағы аурушаңдық көрсеткіштері 27,3%-ке төмен. Энтеробиоз ауруы – 26,2%, лямблиоз – 8, гименолепидоз – 1 жағдайға азайған.

Паразитарлық ауруларға шалдығу деректерінің басым көпшілігі 14 жасқа дейінгі балалар арасында тіркелді. Әсіресе, энтеробиоз, дерматомикоз және лямблиоз аурушандығы 3 жасқа дейінгі балалар арасында жоғары.

2021 жылы паразитарлық аурулардың 6 нозологиясы тіркелді – энтеробиоз, гименолепидоз, аскаридоз, эхинококкоз, лямблиоз, тері лейшманиоз аурулары.

Эхинококкоз ауруының 27 жағдайы есепке алынды, оның 26%-і 14 жасқа дейінгі балалардың үлесінде. Ауру ошақтарынан тиісті сынамалар алынып, сәйкессіздіктер анықталды. Сонымен қатар қарым-қатынаста болған 37 адамнан серологиялық-иммунологиялық зерттеулерге қан сарысуы алынып, тексеру қорытындысымен 5 адамнан оң нәтиже анықталды.       

Дерматомикоз ауруының 255 жағдайы тіркелді. Ауру ошақтарында  қорытынды дезинфекциялау жұмыстары толық жүргізілді.

Қышыма ауруының 27 жағдайы тіркеліп, салыстырмалы түрде  аурушанық 2,6 есеге төмендеген. Дегенмен балалар арасындағы сырқаттану көрсеткішінің жоғары болуы алаңдаушылық туғызады. Барлық тіркелген аурудың 74%-і 14 жасқа дейінгі балалардың үлесінде.

Облыс көлемінде жұқпалы тері аурулары дерматомикоз, қышыма, эхинококкоз ауруларының  негізгі  таратушы  көздері –  иесіз  иттер мен мысықтар.  Осыған байланысты қаңғыбас иттерді аулауға 9 бригада жасақталып,  22369 кезбе ит және 1802 мысық жойылды.

Паразиттік аурулардың алдын алу үшін жеке бас гигиенасы қатаң сақталу қажет, қолды жиі жуып тұрыңыз, әсіресе жануарларға тигеннен кейін, иесіз жүрген ит-мысықтардан аулақ болыңыз, шикі ет өнімдерін мұқият термиялық өңдеуден өткізіп барып қолдануға, жеміс-жидектерді жуып, таза суды пайдалануға кеңес береміз. Паразитарлық аурулардың эпидахуалы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласының тұрақты бақылауында.

Қызылорда облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: