Сейсенбі, 23 сәуiр, 15:46

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым

23.04.2024
PDF мұрағаты

Шылым шегу – ғасыр дерті

03.06.2022

1060 0

Елімізде темекі шегу және оған қарсы күрес жүргізу негізгі мәселенің біріне айналып отыр. Темекіге әуесқойлық азаяр емес. Темекі шегу біздің тұрмысымызға ғана кіріп қойған жоқ, мәдениетімізге де кірді. «Шылым шегу – ғасыр дерті» деп оның қаншалықты зиян екенін білсек те тұтыну тыйылар тұр. Ұлтымыздың болашағы, мемлекетіміздің тірегі деп жүрген жастардың мұндай жаман әдеттерге бой алдыруы кімді болса да ойландыратыны анық.

         Дүниежүзілік темекіге қарсы күрес күні 1988 жылдан бастап әлем бойынша 31 мамын күні аталып өтіледі. Биыл Қазақстанда «Темекіге туралы барлық шындық» атты жылжымалы көрме жұмысы Қызылорда қаласынан бастау алды. 4 күнге созылған бұл іс-шара қалалық мәдениет және демалыс паркінде, Б.Шөкенов атындағы саябақта және Тұңғыш Президент паркінде ұйымдастарылды. Шараға студенттер мен мектеп оқушылар қатысты.

         Көрме барысында темекінің адам ағзасына қаншалықты зиян екені жөнінде түсіндірілді. Ақпараттық үндеу хаттар таратты. 

         Темекі – жыл сайын әлемде халықтың денсаулығына қауіп төндіретін ең ауыр қауіптердің бірі. Оны шеккен адам жұқпалы ауруға шалдыққыш болады. Тыныс жолы ауру да темекі тартқанның кері әсерінен. Сонымен қатар жүрек тамыр жүйесінің таныс алу және ас қорыту мүшелерінің ауруға шалдығу, қатерлі ісіктің пайда болу қауіпін тудырады.

 – Қазіргі таңда көрменің артықшылығы көзбен көріп, қолмен ұстап, жақыннан таныстыру. Еліктеушілікті басу үшін оның зияны ұшан-теңіз екенін түсіндіру. 4 күн бойы әр оқу орындарынан бжастарды шақыртып, темекінің қоршаған ортаға зияны туралы жастарға жеткілікті етіп түсіндіру, – дейді ұйымдастырушы-маман Гүлназ Рысбекқызы.

Сондай-ақ көрме үйлестірушілері Наталья Викторовна және Гүлжиһан Нысановна тұрғындардың сұрағына жауап берді. Оқушылар көкейді сұрағын қойып, пікір алмасты.

Көрме еліміздің басқа да қаласына жолға шығады. Жаз бойы аталған көрмені өткізу республикамыздың 10 аймағында жоспарланып отыр.

Дамира ЕРЛАН

Қорқыт ата атындағы университеттің студенті

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: