Сәрсенбі, 01 мамыр, 04:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Ұлттық мерекеде 55 сәби дүниеге келді

26.10.2022

429 0

Облыс әкімінің орынбасары Сақтағанов Нұрымбет Аманұлы мен облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Пазилов Сабит Бексеитұлы облыстық перинаталдық орталығында «25 қазан – Республика күні» бір тәулікте туылған сәбилер мен аналарын құттықтады.


Онда Ұлттық мереке күні дүниеге келген нәрестелер ме аналарына аймақ басшысының орынбасары Нұрымбет Аманұлы, «Біз үшін ең бастысы нәрестелер мен аналар денсаулықтарының мықты болуы. Мереке күні дүниеге келген барлық сәбидің аман-сау болуымен қатар, айтулы ел азаматы болып өсуіне тілектеспін. Қазақтың саны көп болсын!», – деген ізгі тілеген білдіріп, әрбір анаға жаңа туылған сәби күтіміне арналған қобдиша сыйға тартты.


Өз кезегінде босанушы аналар Нұрымбет Аманұлы мен Сабит Бексеитұлына зор ризашылықтарын білдіріп, тілектерін жаудырды.


Қазіргі таңда балалар мен аналарының денсаулық жағдайлары жақсы.
Мереке күні босанған сәбилер мен аналарын құттықтау шарасы аудандарда да жалғасуда.

Айта кетейік,«Республика күнінде» 1 тәулікте облыс бойынша барлығы 55 бала туылса, оның 38-і ұл, 17-сі қыз бала.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: