Жұма, 06 желтоқсан, 22:51

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№96-2106
03.12.2024
PDF мұрағаты

Киберқауіпсіздік басты орында: «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы мен TSARKA арасында меморандумға қол қойылды

12.11.2024

242 0

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы киберқауіпсіздік саласындағы жетекші компания – TSARKA-мен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылғанын жариялады. Бұл келісім ақпараттық қауіпсіздік деңгейін арттыруға және Мемлекеттік корпорацияның ақпаратын қорғауға бағытталған. 

Әріптестік аясында TSARKA  ақпараттық жүйелердегі осалдықтарды анықтау және жою мақсатында Tumar.One платформасынан зерттеу және тестілеу жүргізу үшін баг-хантерлерді белсенді түрде тартады.

Баг-баунти платформасы – тәуелсіз киберқауіпсіздік зерттеушілері бағдарламалық қамтамасыз етуді тестілеу және анықталған осалдықтар туралы хабарлау мүмкіндігіне ие болатын инновациялық модель.

«Меморандумға қол қою –  екі ұйымның киберқауіпсіздіктің жоғары стандарттарын ұстанатынын, мемлекеттік сонымен қатар жеке құрылымдар арасындағы серіктестіктің маңыздылығын растайды. Бұл қадам қауіпсіздікті үздіксіз бақылауды қамтамасыз етіп, мемлекеттік басқару жүйесіне азаматтардың сенімін арттыруға мүмкіндік береді», – деп атап өтті TSARKA Group президенті Олжас Сәтиев.

«Цифрлық дәуірде деректер қауіпсіздігін қамтамасыз ету – біздің қызметіміздегі негізгі аспектілерінің бірі. Серіктестер бағдарламалық қамтамасыз етуді тестілеп, осал тұстардың анықталғаны туралы хабарлап отырады. Біз өз тарапымыздан бұзушылықтар, рұқсатсыз қолжетімділік және басқа да қауіптерді болдырмау үшін кешенді шаралар қабылдаймыз. Бұл Мемлекеттік корпорацияның деректерді қорғауды күшейтіп, олардың құпиялылығына кепілдік беруіне мүмкіндік береді», – деп қосты «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорацияның Басқарма Төрағасы Арман Кенжегалиев.

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы мен TSARKA арасындағы ынтымақтастық барлық азаматтар мен ұйымдар үшін қауіпсіз цифрлық ортаны құрудағы маңызды қадам болмақ.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: