Жексенбі, 05 мамыр, 15:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Ұлттық жоба әлеуетті арттыруды көздейді

19.09.2023

4135 0

Экономикалық ахуалды арттырудың бір тетігі боп саналатын кәсіпкерлікті дамытуға елімізде басымдық берілген. Бұл тұрғыда шағын және орта кәсіпкерлікке қолдау көрсетіліп, жаңадан кәсіп ашқысы келетін азаматтарға жеңілдетілген несие, тың жобаларды жүзеге асыруға қайтарымсыз қаржы беру қарастырылған.

Осы кезге дейін елдегі кәсіпкерлік саласын дамыту үшін түрлі мемлекеттік бағдарламалар әзірленіп, нақты жоспар бойынша жұмыс жүргізілді. Мемлекеттің қолдауымен өз ісін ашқандар да, кәсібін өрге домалатқандар да болды. Мұндағы басты мақсат – саланы дамыту арқылы халықтың әл-ауқатын арттыру, экономиканы оңтайландыру. Кәсіпкерлікті қолдау шарасы әлі күнге дейін жалғасып келеді. Бүгінде 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба жүргізілуде.

Экономикалық ахуалды арттырудың бір тетігі боп саналатын кәсіпкерлікті дамытуға елімізде басымдық берілген. Бұл тұрғыда шағын және орта кәсіпкерлікке қол­дау көрсетіліп, жаңадан кәсіп ашқысы келетін азаматтарға жеңілдетілген несие, тың жобаларды жүзеге асыруға қайтарымсыз қаржы беру қарастырылған.

Осы кезге дейін елдегі кәсіпкерлік саласын дамыту үшін түрлі мемлекеттік бағдарлама­лар әзірленіп, нақты жоспар бойынша жұмыс жүргізілді. Мемлекеттің қолдауымен өз ісін ашқандар да, кәсібін өрге домалатқандар да болды. Мұндағы басты мақсат – саланы дамыту арқылы халықтың әл-ауқатын арттыру, экономиканы оңтайландыру. Кәсіпкерлікті қолдау шарасы әлі күнге дейін жалғасып келеді. Бүгінде 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба жүргізілуде.

Жалпы қолдау шарасы қолға алынғаннан бастап елдегі жұмыссыздық деңгейі азайып, кәсібін ашып халықты тұрақты жұмыспен қамту көрсеткіші артқан. Алайда кәсіпкерлікті тек сауда-саттықпен шектемей өндіріс саласын өркендету мақсаты тұр.

«ҚазАқпарат» ақпарат агенттігінде жа­рияланған мәліметке сүйенсек, 1 тамыздағы жағдай бойынша елімізде 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға 444,2 мың адам қатысқан. Оның ішінде 300,6 мың адам жұмыспен қамтылса, 152,2 мыңы тұрақты жұмысқа орналасқан. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, суб­сидияланатын жұмыс орындарына 148,4 мың адам ор­наластырылған. Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарымен 15,5 мың адам, жастар практикасымен 12 мың адам, қоғамдық жұмыспен 103,2 мың адам, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында 5,4 мың адам, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасымен 199 адам, «Күміс жас» жобасымен 12,1 мың адам жұмыспен қамтылған. Сондай-ақ Еңбек нарығында сұранысқа ие дағдылар бойынша 31,5 мыңы жұмыссыз онлайн оқытумен қамтылып, 28,7 мыңы оқуды аяқ­таған. Бұдан бөлек «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 102,9 мың адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытылып, 77,4 мыңы оқуды аяқтағаны жөнінде сертификат берілген.

Биыл ұлттық жоба шеңберінде 400 АЕК (1380000 теңге) мөлшерінде жаңа бизнес бастамаларды іске асыру үшін 9 мың грант беру көзделген. Жыл басынан бері 5317 грант иесін тапқан.

Кәсіпкерлік саласы қанат жайып келе жатқан өңірімізде ұлттық жобаның жүзеге асыру еңбек мобильділігін қамтамасыз ету мақсатында қайта құрылған «Мансап» орталығы арқылы жүзеге асырылуда.

«2021-2025 жылдарға арналған кәсіп­керлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы» қысқа мерзімді кәсіптік оқу, жаңа бизнес идеяларды іске асыруға мемлекеттік грант беру, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, оның ішінде қоғамдық жұмыс орны, әлеуметтік жұмыс орны, «Күміс жас» жобасы, жастар практикасы, алғашқы жұмыс орны және ұрпақтар сабақтастығы сынды бірнеше санаттан тұрады. Орталық мамандарының айтуынша, жобаны жүзе­ге асыруда әр санат бойынша нақты белгіленген жоспар бар. Соның аясында жұмыс жүргізіледі.

Ұлттық жобаның жеке ісін ашқысы келетін қарапайым азаматтарға берері мол. Тың идеясы бар, өңірдегі кәсіпкерлік салаға өзгеше леп әкелгісі келетін үміткерлер де жоқ емес. Түрлі мақсатта кәсібін бастағысы келетін азаматтардың көбінде қаржы мәсе­лесі қолбайлау. Ал мемлекеттік бағдарламалар­дың тиімді тұсы осы. Жаңадан кәсіп бастау үшін грант иегері атанып, мақсатыңды іске асы­руға болады.

Жоба бойынша негізгі бағыттың бірі – жаңа бизнес идеяларды іске асыру. Бұл мақсатта биыл 460 қызылордалыққа мемлекеттік грант беру жоспарланған. Аталған бағытта атаулы көмек алатын аз қамтылған отбасы мүшелері, көпбалалы отбасылар, қандастар, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік жәрдемақы алушылар мен мүгедек бала тәрбиелеп отырған адамдар және мүге­дектігі бар тұлғалар бағын сынай алады. Мансап орталығы берген мәліметке сүйенсек, бүгінде 189 адамға грант берілген. Оның 94-і бірінші лектің жеңімпазы болса, 95 адам екінші лекте мемлекеттік грант иегері атанған.

Халықтың әл-ауқатын арттыру мақсатында қолға алынған ұлттық жобаның тағы бір тармағы – жұмыспен қамту шаралары. Оның ішінде қоғамдық, әлеуметтік жұмыс орнын ұйымдастыру міндеттелген. Бұл ретте жоспар бойынша қоғамдық жұмыс орнына жолдама алуы тиіс 2861 адам деп белгіленген. Ал жыл басынан бері 2972 адамды, оның ішінде 983 жасты жұмыспен қамту үшін 531 мекемемен келісім-шарт жасалған. Қазіргі таңда жұмыс­пен жолдама алған азаматтардың 190-ы тұрақты жұмысқа орналасқан. 

Әлеуметтік жұмыс орындарына 189 адам­ға жолдама беру жоспарланған. Мұны жүзеге асыру үшін 98 мекемемен келісім-шарт жасалған. Нәтижесінде 30 адам тұрақты жұ­мысқа орналасуға мүмкіндік алған.

Халықты тұрақты жұмыспен қамту шара­сында оқу орнын енді бітірген маманнан бастап, зейнет жасына жетпеген, бірақ жұмыссыз қалған азаматтар да ескерілген. Мәселен, «Күміс жас» жобасында зейнет жасына 2 жыл қалған жұмыссыз азаматтар қамтылады. Бұл жобамен жұмыспен қамтылғандардың жалақысының жартысын мемлекет төлейді. Алайда бұл тек 1 жыл көлемінде ғана жүзеге асырылады. Әрі қарай зейнетке шыққанша жұмыспен қамту жұмыс берушіге жүктелген. Бүгінде аталған жобамен 663 мекемеге 756 адам жолданған. Оның 135-і жұмысын аяқтаса, 38 адам тұрақты жұмыс істеуде.

Бұрыннан келе жатқан жұмыспен қамту шарасының бірі – жастар практикасы. Бұл бағытта мамандар биыл 980 адамға жолдама беру жоспарланғанын айтады. Оқуды енді бітірген жастарға берілген мүмкіндікті биыл 872 жас қолданған екен. Олардың 100-і жұмысты мерзімінен бұрын аяқтаса, 34-і тұрақты жұмысқа орналасқан.

Ұлттық жобаның тағы бір бағыты – алғашқы жұмыс орнына орналастыру. Бұрын-соңды жұмыс істемеген жандар үшін бұл да игілікті шара. Оған биыл 50 адам қатысуы қажет. Алайда 37 мекемемен жасалған келісім-шарт аясында 45 адамға жолдама берілген. Қазір оның 1-еуі тұрақты жұмысқа орналасқан.

Орталық мамандары жоспар толық орын­далды деп көрсеткен бағыттың бірі – ұрпақтар сабақтастығы. Бұл жобамен 4 адамға жолдама беру жоспарланып, ол толық жүзеге асырылған.

Қала бойынша 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлт­тық жоба аясында атқарылған жұмыстардың реті осындай. Жобаның әр бағытында түрлі мүмкіндік қарастырылған. Ал оны тиімді пайдалана білу жұмыс іздеген, кәсіп ашқысы келген жанның өз қолында.

А.ӘЛІМ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: