Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 12:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Биыл өңірде 204 жоба іске қосылмақ

26.02.2022

929 0

Пандемия шектеулері мен өңірде орын алған қуаңшылыққа қарамастан былтыр Қызылорда облысында шағын және орта кәсіпкерліктің даму динамикасы жоғарылап, нәтижесінде аймақта тіркелген кәсіпкерлердің саны 4,2%-ға артты, яғни 57 мыңға жуық кәсіпкерді құрады. Саладағы негізгі және проблемалық мәселелерді саралау үшін аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Фердоуси Қожабергеновтің есебін тыңдады.

Өткен жылы 11,2 млрд.теңгені құрайтын 171 жоба іске асып, нәтижесінде мыңнан аса жұмыс орны құрылды. Оның ішінде, 400 млн.теңгеге 14 жоба «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы арқылы жылдық 2% жеңілдікпен несиелендірілді. Сол арқылы нарық лаваш, шырын және пюре, кондитерлік өнімдер, шоколад, жартылай фабрикат, шұжық өнімдерімен толықты.

Былтыр несие портфелі 36,5 млрд.теңгені құрайтын 3168 жоба қаржыландырылса, биыл 5,8 млрд. теңге шамасында қаржы қаралды. Ал, биыл экономиканың түрлі салаларында құны 7,6 млрд.теңгеге жететін 204 жоба іске қосылмақ.

Фердоуси Қожабергенов «Еңбек», «Жұмыспен қамтудың жол картасы», «Бизнестің Жол картасы – 2025» бағдарламасы аясында кәсіпкерлерге көрсетілген көмек барысын баяндады. Сондай-ақ, инновациялық бастама үшін берілетін мемлекеттік гранттардың тиімділігін сөз етті. Мәселен, бір жылда 3885 кәсіпкерлік бастамаға 2,4 млрд. теңге көлемінде мемлекеттік грант табысталған.

Бүгінгі күні өңдеу өнеркәсібі, әсіресе тамақ өнеркәсібін кеңінен қолдау мақсатында қала және аудандардан құны 2,6 млрд. теңгені құрайтын 248 жоба жинақталған. Жобалар қолдау тауып, іске асса қосымша 686 жұмыс орны ашылады.

Жиында туризм әлеуетін дамыту, сауда саласын ілгерілету мәселелері де қаралды.

Бизнесті дамыту тетігін іске асыруға бағытталған жұмыстарды саралаған облыс әкімі қазіргідей күрделі кезеңде шағын және орта кәсіпкерлік көздерін әлі де көбейтуді, оларға қолайлы атмосфера жасау және туризм кластеріне жеткілікті мән беру қажеттігін еске салып, бірқатар тапсырмалар берді.

©Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: