Сенбі, 18 сәуiр, 01:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№28 (2240)
18.04.2026
PDF мұрағаты

«Мүгедектігі бар адамдарға жүріп-тұрудың арнайы құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу»   мемлекеттік көрсетілетін қызметі

18.04.2026

38 0

Көрсетілетін қызметті беруші: Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ККМ.

«Мүгедектігі бар адамдарға жүріп-тұрудың арнайы құралда­рымен қамтамасыз етуге құжат­тарды рәсімдеу» мемлекеттік көр­сетілетін қызметін алуға өтініш қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

1) «Азаматтарға арналған үкі­мет» мемлекеттік корпорация­сы» коммерциялық емес акцио­нер­лік қоғамы (бұдан әрі Мемлекеттік корпорация);

2) www.egov.kz Электрондық үкіметтің» веб-порталы, ұялы байланыстың абоненттік құрыл­ғысы.

Мемлекеттік қызметті көрсе­ту мерзімі: Мемлекеттік корпора­цияға, порталға жүгінген кезде-көрсетілетін қызметті беруші құжаттар топтамасын тіркеген күн­нен бастап – 5 (бес) жұмыс күні.

Құжаттар тізбесі:

1) Жеке басты куәландыра­тын құжат туралы немесе цифр­лық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат туралы (сәй­кестендіру үшін);

2) Мүгедектікті белгілеу ту­ралы;

3) АОЖБ-да әзірленген іс-ша­ралар туралы мәліметтерді алу үшін «Электрондық үкімет» шлюзі арқылы мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпа­раттық жүйелеріне (бұдан әрі-ақпараттық жүйелер) мүгедектігі бар адамның жеке сәйкестендіру нөмірі бойынша сұрау салуларды қалыптастырады.

Жұмыста мертігуге ұшыраған немесе кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедектігі бар адамдарға жүріп-тұрудың арнайы құралдармен кө­мек алуға өтініш берген кезде:

1) Өндірістегі мүгедектікке алып келген жазатайым оқиға туралы:

2) Кінәсінен жұмыста мертігуге ұшырау немесе кәсіптік ауруға шалдығу болған жұмыс берушінің дара кәсіпкердің қызметін тоқта­ту немесе заңды тұлғаны тарату туралы қосымша мәліметтер сұратылады.

Ұсынылған түпнұсқалармен сәй­­кестендіргеннен кейін құжат­тар­дың көшірмелерін өтінішті қабылданған жауапты қызметкер тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхатқа немесе осы Қағидалардың 13-тармағына сәй­кес берілетін талонға белгі қою арқылы куәландырады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: