Сенбі, 18 сәуiр, 01:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№28 (2240)
18.04.2026
PDF мұрағаты

Мемлекеттік қызметші құқығының қорғалуы

18.04.2026

37 0

Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесі мен олардың қорғалу тетікте­рі – кез келген демократиялық мемлекеттік тұрақтылығының кепілі.

Мемлекеттік аппараттың тиімді жұмыс жасауы тікелей мемлекеттік қызметшінің құқықтық қорғалу деңгейіне байланысты. Қызметші өзін қауіпсіз сезінгенде және оның құқықтары заңмен кепілдендірілгенде ғана, ол халыққа сапалы қызмет көрсете алады.

Қазақстан Республикасында  мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы  Заңымен және басқа да нормативтік құқықтық актілермен реттеледі.

Бұл ретте, азаматтармен бірге мемлекет­тік қызметшілердің де құқықтарын қор­ғау, ал бұзылған жағдайда қалпына кел­тіру жұмыстары департаментпен жүзеге асырылып келеді. Әрине, кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыруда мемлекеттік қыз­­метшілер­дің меритократия қағидаттары негі­­зінде өз еңбегіне сай мансаптық өсу мүм­кіндігімен қатар олардың моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қойы­лады. Дегенмен, мемлекеттік қызметші­лер­дің қызметі Әдеп кодексінде белгіленген та­лаптар аясында жүзеге асыру қажеттілігіне қара­мастан, соңғы кезде мемлекеттік қыз­мет­шілер тарапынан әдеп нормаларын бұзу деректері әлі де орын алуда. Мысалы, мем­ле­кеттік органдардың тәртіптік комис­сиялардың жұмысына жүргізілген тал­дау нәтижесімен 2026 жылдың 1-тоқсанында 151 мемлекеттік қызметшіге тәртіптік жаза қолданылған. Оның ішінде, жергілікті атқарушы органдарда 111, орталық органдардың аумақ­тық бөлімше­лерінде 40 мемлекеттік қыз­метші тәртіптік жаупкершілікке тартылған. Тәртіптік жауап­кер­шілікке тартылғандар­дың арасында қыз­мет­тік әдеп нормаларын бұзғаны үшін 1 мем­лекеттік қызметші бар. Талдау нәтижесімен 1 мемлекеттік қыз­метшіге қатысты заңсыз қабылданған тәр­тіптік жаза қолдану туралы бұйрықтың күші жойылды.

Сонымен қатар Қазақстан Республика­­сы Мемлекеттік қызмет істері агент­тігінің Қызылорда облысы бойынша де­партаментімен 2026 жылдың І-тоқсанын­да 7 тексеру жүргізілді, оның ішінде 3 жос­парлы және 4 жоспардан тыс тексеру жұмыстары жүргізіліп, 274 заң бұзушы­­лықтар анықталды. Тексерулер нәтижесі­мен департаментпен анықталған бұзушы­лықтарды жою туралы 5 ұсынулар енгізіліп, 1 мемлекеттік қызметшінің және 1 жеке тұл­ғаның бұзылған құқықтары қалпына кел­тірілді. Бұдан бөлек, жұмыс уақыты режи­мінің бұзылуының алдын алуға және оған жол бермеу мақсатында 44 мониторинг жүргізіліп, 74 үстеме жұмыс жасау дерегі анықталды. Департаменттің хаты негізін­де 52 мемлекеттік қызметшінің бұзылған құқықтары қалпына келтіріліп, оларға 71 де­малыс сағаттары берілді.

Департамент алдағы уақытта да өз мін­деттеріне сәйкес мемлекеттік қызмет сала­сындағы заңнамалардың сақталуын бақы­лаумен қатар азаматтар мен мемлекеттік қызметшілердің де құқықтарының бұзыл­мауын қадағалайтын болады.

М.УТАРАЛИЕВ,

Қазақстан Республикасы

Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің

Қызылорда облысы бойынша

Департаменттің Мемлекеттік қызмет

саласындағы бақылау басқармасының

бас маманы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: