Дүйсенбі, 07 қазан, 07:54

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№79-2089
05.10.2024
PDF мұрағаты

Облыс әкімі Сыр өнерпаздарына құрмет көрсетті

10.12.2020

1043 0

Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова 3 мәрте «Алтын домбыра» иегері Мұхтар Ниязов пен «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Күнсұлу Түрікпенді қабылдап, қос өнерпазды жетістіктерімен құттықтады.

Аймақ басшысы айтыс пен жыраулық өнердің Сыр өңірі үшін алар орны ерекше екендігін айтып, ұлттық құндылықтарды дәріптеп жүрген талантты жастардың алда да талай жеңістерге жететініне сенім білдірді.

– Сыр бойы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай «Сыр – Алаштың анасы» деп дәріптеліп келеді. Алты алашта «Сыр елі – жыр елі» деген сөз ежелден келе жатқан ұғым бар. Ескіден жеткен есті сөз қазіргі уақытта халықтың бағасына айналды. Киелі өлкеде өнердің саф алтындай өскіні өркендеп, ақындық пен жыршылықтың алтын тамыры ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді. Осының дәлелі, кеше ғана Елордада өткен «Абай тағылымы – Тәуелсіздіктің тірегі» атты республикалық ақындар айтысында жерлесіміз ақын Мұхтар Мәуленұлы Ниязов «Бас жүлдені» иеленіп, үшінші мәрте «Алтын Домбыра» иегері атанды. Сіздерді барша жерлестеріңіздің атынан жеңістеріңіз, марапаттарыңызбеншын жүректен құттықтаймын, – деді облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: