Сенбі, 09 мамыр, 02:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 (2246)
09.05.2026
PDF мұрағаты

Майдандағы медицина қызметкерлері

09.05.2026

41 0

Екінші дүниежүзілік соғыс медицина саласының дамуына айтарлықтай үлес қосты. Қан майдан шебінде жауынгерлермен қатар қиындыққа төзіп, Отан үшін отқа түскен ақ халаттылардың еңбегін жоққа шығаруға әсте болмас. Медицина қызметкерлері соғыс кезінде өз өмірлерін қатерге тіге отырып, қаншама жаралы солдаттарды аман алып қалды. Деректер бойынша

Ұлы Отан соғысында 200 мың дәрігер, 1,5 миллионға жуық орта буын медицина қызметкері жаралыларға көмек көрсетіпті.

Майдандағы медбикелерді әскер құра­мын­дағылар періш­те­лер деп атаған. Жауынгер­лермен бірге от кешкен мейірбике­лер­дің ішінде қазақ дала­­­­­­сы­нан шыққан қыздар да бар еді. Бүкіл дүниежүзілік Қызыл Крест ұйы­мы Ұлы Отан соғысы жыл­дарын­­дағы ерен ерлігі үшін медбике­­­л­ерді өздері­нің «Флоренс Найтин­­гейл» медалі­мен марапат­таған. Бұл жо­ғары награда дүние­жүзін­де 1309 медбикеге тапсы­рылса, оның 26-сы екінші дүние­жүзі­лік соғыс кезінде Кеңес Одағы­­ның медбикесі екен. Соның ішінде 5 қазақстандық медицина маманы бар.

Майдан алаңынан ауыр жараланған 480 қызыл әскер мен офицерді алып шыққан медбике, көкшетаулық Мария Смирнова Кухарскаяның ерлігін ұмыту мүмкін емес. 1921 жылы Одесса маңында дүниеге келген ол мектеп бітірісімен майданға аттанады. Ол талай жанталас сәттерді басынан өткерген. Тіпті ұрыстардың бірінде медбикенің өзі де жараланып, госпитальға түседі. Болашақ жарын майданда жолықтырып, жолдасымен 46 жыл ғұмыр кешеді. Жеңістен кейін ол Көкшетау қаласында өз ісін жалғастырып, отыз жылға жуық табанды еңбек етеді. 

Лейтенант Рәзия Ысқақова – «Флоренс Найтингейл» меда­лі­­нің қазақстандық екінші ие­гері. Шымкент қаласындағы медициналық училищені бітіріп, фельдшер мамандығын алғаннан кейін, өзі сұранып, 1941 жылдың қазан айында әскери фельдшер болып соғысқа аттанды. Он тоғыз жасында майдан алаңына тап болған ол Бірінші Украина майданында генерал-полковник П.Рыбалко қолбасшылық еткен атақты танк армиясына қарасты 55 танк бригадасында қызмет етеді. Антонина Яковқызы Дмитриева (Глу­бина) – «Флоренс Найтингейл» медалінің қазақ­стан­дық үшінші иегері. Сани­тарлық инструкторлардың кур­сын бітірген ол 1942 жылдың желтоқсанында майданға аттан­ған.  Соғыстың алғашқы шебінде мотто атқыштар батальонында санинструктор болған. Ол жауынгерлерге көмек көрсете жүріп өзі де екі рет жараланған.

Қансырап жатқан жауынгер­лерге қанын құюға рұқсат берген мейірбикенің бірі, жоғарыда аталған марапаттың төртінші иесі – Вера  Широкая-Руденко. Ол майданға аттанғанда он сегіз жасқа да толмаған еді. Оның майдандық жолы Новороссийск, Батайск арқылы жаяу әскер пол­кінің 8 армия­сының әскери фельд­шері, кейін медицина қызметінің кіші лейтенанты болды.

Медицина саласының ең үздік марапа­тының қазақстан­дық бесінші иегері – Анна Михайлқызы Дмитриенко. Өрім­дей қыз соғысқа аттанғанда 18-де еді. Мәскеу, Ленинград, Старая Русса қалаларын қор­ғау ұрыстарында қаншама жауынгерлерге жәр­дем беріп, аяққа тұрғызған. Майданда жара­ланғанына қарамастан тұ­рақ­ты түрде қан тапсырып, донор болады.  Кеңес үкіметі фашистерді жеңгеннен кейін 25 жыл тубер­кулезге қарсы күрес диспансерінде медбике болып қызмет етеді.

Қырмызы СЕРІКБАЕВА,

№4 қалалық емхананың мейірбикесі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: