Сейсенбі, 22 сәуiр, 18:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№29, 2142
22.04.2025
PDF мұрағаты

Математиктер олимпиадасы

22.04.2025

71 0

Қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Б.Момынбаев атындағы №278 IT мектеп-лицейінде Қазақ білім академиясының академигі, Қазақстанда отандық инженерлік-педагогикалық білімнің негізін қалаушы, техника ғылымдарының кандидаты, доцент, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Байзақ Момынбаев атындағы 7-8 сынып оқушылары арасында математика пәні бойынша дәстүрлі қалалық олимпиада өтті.

Олимпиадаға қала мектептерінен 7-сынып бойынша 54 оқушы, 8-сынып бойынша 53 оқушы қатысты.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша 7-сынып арасында  жүлделі I орынға №136 мектеп-лицейінің оқушысы Нұрқожа Құрманғазыұлы ие болды. Ал II орынды №264 мектеп-лицейінің оқушысы Мерей Рүстем және №7 мектеп-лицейінің оқушысы Дәулет Досмурзаев лайық деп танылды.  III орынды №9 мектеп-гимназиясының оқушысы Руслан Үмбетов және №253 орта мектебінің оқушысы Әнипа Сахи, №1 мектеп-гимназиясының оқушысы Аслан Жұмашев иеленді.  

8-сынып бойынша  жүлделі I орынды №136 мектеп-лицейінің оқушысы Нұрбек Жайлаубай иеленді. II орынды  №285 мектеп-лицейінің оқушысы Айқын Жанайдаров және №144 орта мектебінің оқушысы Нұрдаулет Өмірғали алды. Ал III орынға №187 ІТ мектеп-лицейінің оқушысы Айасыл Мұхамеджанова және №222 орта мектебінің оқушысы Таңшолпан Қуанышбай, Б.Момынбаев атындағы  № 278 ІТ мектеп-лицейінің оқушысы Асқар Нұғыман лайық деп танылды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: