Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 18:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Интеллект пен инновация тоғысқан білім ошағы

24.05.2024

448 0

«Зерде» мектебі жеке жалпы білім беру мекемесі Қызылорда қаласы, Е. Демесинов көшесі, №59 а мекенжайында орналасқан 2020 жылдың желтоқсан айынан бастап жұмыс жасайтын мектептердің бірі.   Ғимараттың ауқымы – 8000 шаршы метр, жалпы алаңы – 1600 га. Жоба құны – 1 млрд 250 млн теңге құрады. Қазіргі  таңда барлығы 530 оқушы білім алуда, оның ішінде 1-4 сыныпта – 281, 5-9 сыныптар – 249 оқушы. Қыз бала – 252, ұл бала – 208. Ақылы негізде білім алушылар – 230, ақысыз – 300 оқушы. Сынып комплектісі – 31, бастауыш – 16.

Мектеп құрылтайшысы «Парасат» орденінің иегері, Қызылорда қаласының құметті азаматы, білім меценаты, жеке кәсіпкер – Алшынбаев Сейітқали Бегманұлы.

Мектеп директоры – Ләйля Барахатқызы.

Оқу орнында заманауи жабдықталған 36 оқу кабинеті (ІТ, IЕLTS, робототехника т.б.), спорт зал, акт зал бар. Сондай-ақ, мектеп толықтай бейнебақылау камераларымен жабдықталған.

Қызметкерлер саны – 109 адамды құраса, оның ішінде педагогикалық қызметкерлер саны – 59. Оның ішінде, педагог-зерттеуші – 6, педагог-сарапшы – 4, педагог-модератор – 6, 1 санатты – 1, магистр дәрежелі – 19, магистрант – 7.   

«Зерде» интеллектуалды мектебі 2020 жылдың желтоқсан айынан бастап жұмыс жасайтын мектептердің бірі. Мектеп ерекшелігі – оқушыларға жан-жақты дамуына мүмкіндіктер көптігі. Мәселен, заманауи жабдықталған ІТ, IЕLTS, робототехника, арт-дизайн кабинеттері, спортық ойындардың түрлеріне арналған алаңдар қарастырылған. Сонымен қатар ақылы сынып оқушылары үшін ағылшын тілі және математика пәндері түстен кейін қосымша оқытылады. Тағы бір ерекшелік, 1-сыныптан бастап ағылшын тілі үйірме сабақтарында қамтылған. Мектеп оқушылары «Зерделі» ақыл-ойды дамыту орталығының арнайы оқулықтарымен білімдерін шыңдайды.

             2023 жылдан бері “ЗЕРДЕ” интеллектуалды мектебі Қызылорда қаласындағы IDP IELTS QYZYLORDA тест орталығымен меморандум негізінде жұмыс жасайды. Мектепте IDP IELTS сынама тестін тапсырып, жауаптары Oxford World Language Centre арқылы Австралиядағы бас бөлімшеге жіберіліп, ресми түрде бағаланады.

             Сонымен қатар оқушыларға жағымды, бір-бірімен достық қарым-қатынасын нығайту, қолайлы орта қалыптастыру үшін, бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында күнделікті көңілді үзілістер ұйымдастыру жолға қойылған. Мектептің оқу процесі мемлекеттік жалпыға білім беру стандартына сәйкес жүргізіледі. Ақылы сыныптар үшін түстен кейінгі уақытта қосымша сабақтар мен үйірмелер жүргізіледі. Мектепке қабылданған әрбір оқушыдан кіріс бақылауы алынып, соның нәтижесі ата-анаға таныстырылып, соған сәйкес білім алушыны жеке дамыту мақсатында жоспарға сәйкес жұмыстар атқарылады. Тоқсан сайын бастауыш сыныптар үшін – оқу сауаттылығы мен математикалық сауаттылықты дамыту мақсатында математика, қазақ тілі, әдебиеттік оқытудан, 5-9 сыныптар үшін – математика, қазақ тілі, тарих, жаратылыстану пәндері, ағылшын тілі, қазақ тілі пәндерінен түрлі формада сынамалар алынып, мектепішілік бақылау жүргізіледі. Соның нәтижесі педагогикалық кеңесте талқыланып, пән мұғалімдеріне білім сапасын көтеру бойынша тапсырмалар беріледі. Сондай-ақ, мектепішілік бақылау барысында алынған көрсеткіш пен оқушылардың күнделікті формативтік бағасы салыстырылып, жұмыс жасалады. Оқушылармен арнайы қосымша сабақтар өткізіліп, білім деңгейін көтеруге білікті мамандарымыз жұмыс жасайды. 

Мұғалімдердің үздіксіз білімдерін жетілдіріп, біліктілікті арттыру курстарынан өтіп отырады. Педагогикалық құрамның озық  инновациялық әдістерді меңгерген мамандармен тәжірибе алмасуын ұйымдастыру мақсатында Білім-инновация лицейімен ынтымақтастық туралы меморандум жасалған. Сонымен қатар, мектепте арнайы мамандар шақырып, коучинг, шеберлік сағаттары ұйымдастырылып отырады.

Мәселен, мектепте бастауыш сынып мұғалімдері үшін  «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебінің атқарушы директоры Әрін Қайсаұлы «Алтын сақа», «Алтын тұғыр» олимпиадаларының ерекшеліктері мен кездесетін есептерді шешу жолдары бойынша коучинг ұйымдастырса, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша кәсіби даму институтының тренері Басанова Ақманат Серікқызы «Авторлық бағдарлама жазудың талаптары мен әдістемесі» тақырыбында шеберлік сағаты өтіліп, әдістемелік бағыт-бағдар көрсетілді.

Ұстаздар үшін «Үздік педагог» байқауының жеңімпаздары Қиясова Айгүл Райымбекқызы мен Қосжанова Салтанат Орынтайқызымен кездесу ұйымдастырылды. Сонымен қатар Қызылорда облыстық оқу әдістемелік орталығының бөлім басшысы Смагулова Гүлшат Амантайқызы «Халықаралық зерттеулер» тақырыбында түсіндірме жүргізіп, педагогикалық құрамның білімін толықтырды. Біліктілікті арттыру бойынша,“Өрлеу” БАҰО АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша кәсіби даму институтының мамандарымен  «Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру үшін «4к» моделін дамытудың білім беру технологиясы», тақырыбында біліктілікті арттыру курсы өткізілді. Сонымен қатар мұғалімдердің психологиялық тұрақтылығын қалыптастыру мақсатында облыстық оқу орталығының мамандары  Нұржамал Сексенәліқызы мен Жұмағалиқызы Гүлзат арнайы шақыртылып, жас мамандар мен сынып жетекшілерге тренингтер ұйымдастырылды.   

2022-2023 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадалар мен жеке  пәндік олимпиадалардың облыстық кезеңінде 1 оқушы, қалалық кезеңінде  13 оқушы, республикалық ғылыми жобалар байқауының облыстық кезеңінен  1 оқушы,  қалалық кезеңінде 7  оқушы жүлделі орындарға ие болды.

         Атап айтқанда, жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сыныптарға арналған республикалық олимпиадада оқушылары 3 орын (1 орын -1, 2 орын – 2), 1 алғыс иеленсе, 7-8 сыныптар бойынша облыстық кезеңінде – 1 оқушы 3-орын (математика пәні бойынша Мұратұлы Ерсұлтан), қалалық кезеңі бойынша 1 оқушы 1-ші орын, 1 оқушы алғыс хатпен марапатталды. «Зерде» республикалық ғылыми жобалар байқауының облыстық кезеңінде – 1 оқушы 3-орын (орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша Асылбек Олжас), қалалық кезеңінде  6 оқушы (1 орын – 1, 2 орын – 3, 3 орын – 2) жүлделі орындарға ие болды.  Жаратылыстану-математикалық бағытындағы жеке пәндік олимпиадаларда математика пәні бойынша 5 оқушы, информатика пәні бойынша 1 оқушы жүлдегер атанды. «Алтын сақа» республикалық олимпиадасының қалалық кезеңінде 2 оқушы жүлделі орынға ие болса, облыстық кезеңінде 1 оқушымыз «Мақтау қағазымен» марапатталды. Республикалық «АҚБОТА» зияткерлік олимпиадасында 104 оқушы жүлделі орын иеленді.  Мектеп оқушысы Мұратұлы Ерсұлтан Республикалық  «XXIII Ашық қалалық Жәутіков олимпиадасына»  қатысып, үздік нәтиже көрсетіп, «Мақтау қағазымен» марапатталды. «Алтын Қазына» көркем және сәндік қолданбалы балалар шығармашылығының республикалық көрме байқауының қалалық кезеңінде оқушымыз 3-орын иеленді.

         2023-2024 оқу жылы бойынша жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадалар мен жеке  пәндік олимпиадалардың облыстық кезеңінде 2 оқушы, қалалық кезеңінде  20 оқушы, республикалық ғылыми жобалар байқауының қалалық кезеңінде 8 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Оқушыларымыз шығармашылық, спорттық сайыстардан да үлкен жетістіктерге жетіп, «Нұрай» би ансамблі Республикалық байқаудан бас жүлде, спортшыларымыз тоғызқұмалақ, шахмат, теннис спорттық ойын түрлерінен үздік нәтиже көрсетті.  Жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сыныптарға арналған республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі бойынша 1 оқушымыз 3-орын (математика пәні бойынша Жақсыбай Мұстафа), қалалық кезеңі бойынша 4 оқушы (1 орын-1, 2 орын-1, 3 орын-2) жүлделі орындарға ие болып, 1 оқушы  алғыс хатпен марапатталды. 7-8 сыныптар арасындағы жаратылыстану-математикалық бағытындағы юниорлық олимпиаданың қалалық кезеңінде 4 оқушы (2 орын-1, 3 орын-3) жүлделі орындарға ие болып, 2 оқушы алғыс хатпен марапатталды. 9-11 сынып оқушылары арасындағы республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі бойынша 2 оқушы (3 орын – 2) марапатқа ие болды.«Зерде» республикалық ғылыми жобалар қалалық кезеңінде  4 оқушы (2 орын – 2, 3 орын – 2) жүлделі орындарға, 2 оқушы алғысқа  ие болды.  3 сынып оқушысы Әділбек Айсұлтан математика пәні бойынша Республикалық «Алтын Сақа» олимпиадасының  қалалық кезеңінен 1-орын, облыстық кезеңінде 3-орын иемденсе, 5 сынып оқушысы Асылбек Олжас қалалық кезеңінен 1-орын, облыстық кезеңінен 2-орын иемденді. 8 сынып оқушысы Маратұлы Нұрасыл 7-8 сынып оқушылары арасында өткізілген академик Б.Момынбаев атындағы математика пәні бойынша дәстүрлі қалалық олимпиадада 3-ші орын иеленсе, 7 сынып оқушысы Қонысбеков Нұрдаулет алғыс хатпен марапатталды.  Сонымен қатар гуманитарлық пәндер бойынша 5 оқушы жүлделі орындарға қол жеткізді.

Оқушыларды шығармашылық бағытта дамыту мақсатында спорттық, өнер бағыттарындағы үйірмелер ұйымдастырылған. Атап айтсақ, робототехника, арт дизайн, домбыра, шахмат, дзюдо, тоғызқұмалақ, теннис, футбол, волейбол, би үйірмелері. Дарынды балалар үйірмелерге қызығушылықпен қатысып, жетістіктерге де қол жеткізіп келеді. Биші қыздардан құралған «Нұрай» би тобы Халықаралық «Бозторғай» байқауының облыстық кезеңінде үздік  деп танылып, Алматы қаласында өткен республикалық кезеңде облыс намысын қорғап Лауреат атанса, «Би Фест-2024» ІV Республикалық би байқауынан бас жүлде, «Таным Арт» Республикалық би байқауынан 1-орын, «Данс батл» би байқауынан 1-орын иемденді. Робототехника үйірмесі бойынша, 7 сынып оқушылары Абылай Сұлтан мен Тәжіқұл Қарақат «IT HACKATHON» атты қалалық  IT жобалар  байқауында «Робототехника»  бағыты бойынша  3-орын, республикалық Казроботикс федерациясының ұйымдастыруымен өткізілген қалалық сайыстан  5-сынып оқушылары 3-орын   алды. Волейбол спорт түрі бойынша жеке мектеп оқушылары арасында өткізілген турнирде 8-9 сынып оқушылары 1-орынды жеңіп алды. Ал үстел теннисі бойынша балалар мен жасөспірімдер арасында өткізілген Ұлттық мектеп лигасында  5-6 сынып оқушыларынан құралған команда ойыншыларымыз 3-орын иемденсе, ганбол спорт түрінен қыздар арасында өткен жарыстан 2-орынмен оралды. Халықаралық «Жұлдыз Арт» байқауында «Вокал» номинациясы бойынша  2 сынып оқушылары Темірбек Каримахан мен Нұрболқызы Айару, бас жүлде иеленіп, маусым айында Ташкент қаласында өтетін халықаралық байқауда бақ сынайтын болады.   Сонымен қатар шахмат, домбыра, дзюдо үйірмесінің оқушылары да қалалық жарыстарға қатысып, үздіктер қатарынан көрінуде.

Отбасы, мектеп және тәрбие жұмысындағы ынтымақтастықты орнату мақсатында «Зерде» интеллектуалды мектебі мен «Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі арасында ынтымақтастық меморандумына қол қойылды. Ынтымақтастық мемарандумы аясында арада бірлескен жұмыстар атқару жоспарланып, «Отбасы мен қоғам – тәрбие жұмысындағы ынтымақ одақтасы» тақырыбында кездесу болып өтті. Кездесу барысында Қаратайұлы Шәкизат және психолог Абдрахманова Сымбат қатысып, бала тәрбиесіне қатысты өзекті мәселелер қозғалып, негізгі тетіктері бойынша ұсынымдар берілді. Қазіргі таңда бала тәрбиесінде Үштік одақ: мектеп – бала – ата-ананың тығыз қарым-қатыаста жұмыс жасауы маңызды. Осы орайда, «Біртұтас тәрбие бағдарламасына» сәйкес «Ата-аналарды қолдау орталығы» жұмыс жасап бастаған болатын. Соның аясында биыл оқу жылында «Әке жолы – ізгі жол» атты әкелер арасында волейбол жарысы, «Өнегелі отбасы», «Әже – көңілдің ажары, немере – өмірдің базары», «Әкем, анам және мен» атты отбасылық сайыстар, «Менің әкем-менің батырым, менің досым» атты іс-шара ұйымдастырылды. Мақсаты:салауатты өмір салтын насихаттау, ата-ана мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту.        

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: