Сенбі, 16 мамыр, 01:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 (2248)
16.05.2026
PDF мұрағаты

Аяқсу арналары тазалануда

16.05.2026

37 0

Көктем басталысымен қалада санитарлық тазарту және арық жүйелерін тазалау жұмыстары белсенді түрде жалғасуда. Қазіргі таңда облыс орталығында аяқсуды толық беру үшін су өткізу арналарындағы қоқыстар алынып, тиісті жұмыстар атқарылуда.

Шаһар басшысының  тап­сыр­масына сәйкес, қала әкі­мі­нің орынбасары Арнұр Нұрма­ғанбетов арық жүйелерінің жай-күйіне, аяқсудың қалыпты берілу барысын аралап көрді. Аралау барысында Желтоқсан, Сағымбаев, Скатков көшелері мен Қызылжарма каналының санитарлық жағдайы және су өткізу қабілеті бақылауға алы­нып, жауапты мекемелерге тиісті тапсырмалар берілді.

Бүгінде қала аумағында жалпы ұзындығы 98,6 шақырым­ды құрайтын арық жүйесі бар. Оның басым бөлігіне аяқсу толық жеткізілген. Арық жүйелеріне 12 аумақта орналасқан 19 насос қондырғысы арқылы су берілуде. Ал Қызылжарма каналындағы қайта жаңғырту жұмыстарына байланысты жақын күндері на­состар қосылып, аяқсу жіберіле­тін болады. Бүгінгі күнге дейін аяқсу жүйелерін дайындау ая­сында қала орталығындағы көшелерде тазалау және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген. Сонымен қатар «KazstroyCapital LTD Kyzylorda» ЖШС-мен бірлесіп, жерасты ұңғымалары арқылы су жеткізу жұмыстары атқарылуда. «Қызылорда таза­лығы» мекемесі арық және канал жүйелерін тазалау, қал­пына келтіру және аяқсумен қам­тамасыз ету жұмыстарын қарқынды атқаруда. Атап айт­қанда, аяқсу жетпейтін жер­лерге арнайы техника арқылы су тасымалданып, ағаштар жос­парлы түрде суарылуда. Бұл жұмыстарға арнайы мекеме­лердің техникасы жұмылды­рылған. Одан бөлек, су үнемдеу технологияларын енгізу және су жеткізу тиімділігін арттыру бойынша жұмыстар қолға алынған.

«Ақмешіт-ақпарат»

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: