Сәрсенбі, 27 қараша, 02:42

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

«Әріптесім үшін ұялып отырмын»: Меруерт Түсіпбаева

10.07.2024

582 0

Сурет: Әлеуметтік желі

Танымал әнші Меруерт Түсіпбаева 10 жастағы ұлына көлік әперген Мәдина Сәдуақасованы сынап тастады, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Демалыс күндері Мәдина Сәдуақасова ұлының туған күніне су жаңа көлік сыйлағанын айтып, әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялаған болатын. Меруерт Түсіпбаева әріптесінің бұл қылығын мақтаншаққа теңеп, оны әбден сынға алды.

«Мен 20 жастағы ұлыма қымбат көлік сыйлаған кезімде ол екі ай бойы ұялып, көлікті топтастары «көрмесін» деп университеттің ауласына кірмей, көлігін тығып жүріпті. Көлікті бір көше аулақ қойып, «мама, әлеуметтік желіге салмашы» дегенде мен қатты қуандым! Шүкір дедім! Халқым аурушаң балапандарын емдей алмай, қол жайып отырғанда, Мәдинаның мына тірлігі ұят. Асыра сілтеу. Мақтану. Әріптесім үшін ұялып отырмын. Плебейшілдік. Сөзім жоқ», – деп жазған ол.

massaget-instagram

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: