11 қыркүйек күні кешкі уақытта Атыраудағы Балауса шағын ауданында жедел жәрдем көлігі мен жол талғамайтын көлік соқтығысып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Салдарынан үш адам ауруханаға жеткізілген.
Атырау облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, жедел жәрдем көлігі қосалқы жолдан шыққанда, негізгі жолмен келе жатқан Toyota Land Cruiser көлігімен соқтығысқан. Соққыдан жедел жәрдем көлігі үйдің қоршауына соғылған.
«Жедел жәрдем көлігі жеке тұрғын үйдің қоршауына соғылған. Салдарынан жедел жәрдем көлігінің екі жолаушысы және Toyota жүргізушісі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді», делінген хабарламада.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!