Сейсенбі, 16 маусым, 01:34

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№45 (2257)
16.06.2026
PDF мұрағаты

Шет аймақ шет қалмайды

16.06.2026

30 0

Сыр елінің бас қаласы бүгінде дамудың жаңа кезеңіне қадам басты.  Халық сұранысын қанағаттандыру жолында жасампаз жобаларды жүзеге асып, тұрғындар игілігін көруде. Қаламыздың әлеуметтік-экономикалық маңызды мәселелері кезең-кезеңімен шешімін тауып, тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсартуда белсенді жұмыстар атқарылуда.

Ендігі кезекте қаланың шет аймақтарын дамыту мәселесіне көңіл бөлінуде. Осы мақсатта облыс әкімі Мұрат Ергешбаев «BI Group» компаниясының акционері, директорлар кеңесінің мүшесі Бауыржан Исабаевпен кездесті. Кездесуде өңірде инвестициялық жобаларды іске асыру, инфрақұрылымды дамыту, көшелерді абаттандыру және қаланың шет аймақтарына әлеуметтік нысандар салу мәселелері талқыланды.

Кейінгі жылдары «BI Group» компаниясының ауқымды инвестициялық және инфрақұрылымдық жобалары өңір келбетін жаңғыртқаны белгілі. Атап айтқанда, «Сыр жұлдыздары» шығармашылық-инновациялық академиясы. Сонымен қатар экологиялық мәдениетті дамытуға және жаңа қоғамдық кеңістіктер құруға бағытталған жоба – Ботаникалық бақ және жақында пайдалануға берілген халықаралық стандарттарға сай «AI-KERIM» оқу-сауықтыру орталығы. Бұдан бөлек, қалалық мәдени-демалыс паркі мен Президент саябағы қайта жаңғыртылып, заманауи демалыс аймағына айналды.

«Ақмешіт-ақпарат»

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: