Сейсенбі, 16 маусым, 01:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№45 (2257)
16.06.2026
PDF мұрағаты

Құрылыс қатаң бақыланады

16.06.2026

32 0

Сыр өңірінің құрылыс саласында қарқын бар. Нәтижесінде, құрылыс алаңына айналған өңірде ауыз толтырып айтарлық оң өзгерістер бар.

Жалпы құрылыс – экономи­каның негізгі драйвері десек, бұл тұрғыда Сырдың бас шаһары құрылыс саласының қарқыны бойынша республикада алдыңғы орындардан көрінді. Алып құры­лыс алаңына айналған Қызыл­орда заманауи келбетін қалыптастырып, сәулетіне көрік қосты. Сонымен қатар ең таза қалалардың көшін бастап келеді.

Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев қаладағы бірқатар маңызды ны­санды аралап, олардың жұмыс барысымен танысты. Аралау ба­ры­сында тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағыт­талған инфрақұрылымдық және әлеу­меттік жобалардың жүзеге асы­рылуына ерекше назар ау­дарды.

Аймақ басшысы алдымен Тасбөгеттегі бас су жинау қоймасына барды. Нысанның тәуліктік қуаты 56 500 текше метр, «Степь», «Арай» және «Бас тоғаннан» алынған таза су арнайы су сақтау қоймаларына жиналады. Кейін насос станциясы арқылы төрт су құбыры желісімен қала тұрғындарына жеткізіледі. Сырдария өзенінен алынатын су механикалық тазартудың бес кезеңінен өткізіледі. Зертхана мамандары ауызсудың сапалық құрамын тәулік бойы тұрақты бақылауда ұстап, тиісті сараптамалар жүргізеді.

Облыс әкімі жауапты сала басшыларына жұмысты жүйелі үйлестіріп, тұрғындарды сапалы ауызсумен қамтамасыз ету мәселесіне тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды. .

Қазіргі таңда «Қызылорда автобус паркі» ЖШС-нің 300 қоғамдық көлігі қала аумағына 32 бағыт бойынша қатынайды. Серіктестікте 700-ге жуық адам еңбек етеді. Аймақ басшысы жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын арттыруды тапсырды.

Келесі нысан – Абай даңғылы бойындағы тұрғын үйлер аулаларына салынып жатқан спорт және балалар ойын алаңдарының құрылысы. Құны 1,9 млрд теңгенің жобасы аясында 29 тұрғын үйдің ауласына ойын, шағын футбол және воркаут алаңдары салынады.  Бас мердігер – «Еңбек» РМК. Балалар қауіпсіздігі басты назарда болуы қажет. Сондықтанда құрылысты сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.

Бұдан кейін Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті жанынан бой көтеріп жатқан Инжинирингтік парктің құрылыс алаңының барысын барып көрді. Парк құрамында археология және физика-химиялық талдау әдістері зертханалары, жасанды интеллект және академиялық басымдық орталықтары, робототехника, жерді қашықтан зондтау және ІТ зертханалары жұмыс істейді.  Сонымен қатар 90 орындық дәрісхана, 140 орындық конференц-зал және заманауи компьютерлік аудиториялар қарастырылған. Нысанды келесі жылы пайдалануға беру жоспарланған.

«Ақмешіт-ақпарат»

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: