Бейсенбі, 28 наурыз, 16:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

230 жоба жүзеге асырылмақ

22.12.2021

1033 0

Облыстағы 230 ауылдық елді мекеннің 85 пайызы орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылған. Яғни, тұрғындардың 97 пайызы таза ауыз сумен қамтылған. Ал ауыз су тарифі өзгеріссіз қалады. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Жоламанов хабарлады.

– Бүгінде Қызылорда, Арал, Қазалы, Байқоңыр қалаларында орталықтандырылған ауыз сумен толықтай қамтамасыз етілген. Ал 230 ауылдық елді мекеннің 195-і орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылған. Бұл – республика бойынша алдыңғы көрсеткіштердің бірі. Алдағы жылдары өңірдегі 20 ауылға ауыз су жүйесі тартылады. Сонымен қатар, 2022 жылы республикалық бюджет есебінен ауыз су және кәріз жүйелерін жақсарту бойынша 7 жоба жүзеге аспақ. Айта кететін жәйт, алдағы уақытта ауыз су бағасы 30-40 теңгеден көтерілмейді, – деді Ерлан Жоламанов.

Қала тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету үшін күнделікті 50 ұңғымадан тәулігіне 38,0 мың текше метр ауыз су өңдірілуде. Жыл сайын қыс мезгілінде күнделікті 58 ұңғымадан 40-42 мың текше метрде таратылып келеді. Осы уақытқа дейін қолданыстағы ескі ауыз су құбырлары ажыратылып, тұрғындар жаңа жүйеге қосылды.

– Биылғы жылға бекітілген инвестициялық бағдарламаға сәйкес, кәсіпорынның өз қаражаты есебінен жалпы соммасы 99 408,48 мың тенгені құрайтын 6 сумен жабдықтау және 6 сарқынды суды бұру нысандарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, – деді «Қызылорда су жүйесі» МКК басшысы Нұрлан Өтепов.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: