Сейсенбі, 17 мамыр, 06:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№38 (1843)
14.05.2022
PDF мұрағаты

Ақсуат пен Наурызға газ келеді

28.01.2022

413 0

Қала әкімі Ғанибек Қазантаев газдандыру жобасындағы құрылыс-монтаж жұмыстарының жүру барысын көрді. Мердігер мекеме «Әлия-Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құбырларды дәнекерлеп, арнайы техникамен жер қазу шараларын атқаруда. Серіктестік мамандары газ желісін тартуда кедергілердің жоқ екендігін айтып, наурыз айына дейін құбырларды жалғап болатындығын жеткізді.

Жоспар бойынша жоғары қысымды көгілдір отын шыны зауыты жанындағы газ тарату стансасынан алынады. Екі аралықтағы темір жол, авто жолға және Шіркейлі каналына залал келтірмей құбырларды өткізу үшін озық үлгідегі техниканың көмегімен бұрғылау әдісі қолданылады.

Бастау алған игілікті іске қолдау білдіруге келген ақсуаттық ағайын шаһар басшысымен жүздесті. Кездесуде Ғанибек Қонысбекұлы тұрғындарға жобаның жай-жапсарын таныстырды. Алдағы уақытта ауыл көшелері қазылып, құбырлар орналастырыла бастайды. Сол кездері қауіпсіздік шараларына ерекше ден қойып, талаптарды орындау қажет. Ал, мердігер мекеме қазылған жерге құбыр қойылған соң, қайта көму жұмысын жедел жүргізуді жауапкершілігіне алады.

Көше бойымен жүргізілген газ құбырынан тұрғындар өз есептерінен үйлеріне газ кіргізетіндіктері белгілі. Бұл тұста, лицензиясы бар мекемелермен келісім-шартқа отыру керектігі ескертілді. Ғанибек Қонысбекұлы осындай мәселелердің алдын алу мақсатында ауыл әкімі Мәмбетәлі Ақмырзаевқа бірқатар міндеттер жүктеп, мердігер мекемеге жұмыстың сапалы әрі жүйелі жүргізілуін қамтамасыз етуді тапсырды.

Тағы да оқыңыз: