Жұма, 26 сәуiр, 14:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Ақсуатқа газ келеді

19.02.2022

1314 0

Ақсуат ауылдық округін «көгілдір отынға» қосу мақсатында 2021 жылы 500 млн теңге және 2022 жылы 2 млрд 439 млн теңге қаржы бөлініп, қазіргі таңда мердігер «Алия-Сервис» ЖШС құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Осы және өзге де атқарылған жұмыстар туралы қала әкімдігінің баспасөз орталығында өткен жиында Ақсуат ауылдық округінің әкімі Мәмбетәли Ақмырзаев хабарлады.

– Өздеріңізге белгілі, ауылдық округіміздің ең өзекті мәселелерінің бірі – ауылымызды табиғи газбен қамтамасыз ету. Осы мақсатта арнайы қаржы бөлініп, мердігер «Алия-Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар ауылдық округтің инфрақұрылымын дамыту бағытында өткен жылы жаңадан қосылған 25 көше электр желілерімен қамтылып, 5 көшеге орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізілді, – деді ауыл әкімі.

Кәсіпкерлік саласында еңбек етіп жүрген ауыл тұрғындарының саны артып, бүгінде жалпы 337 кәсіпкерлік нысан тіркелген. Мемлекеттің шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған бағдарламалары негізінде кәсіпкерлердің 342,7 млн теңге болатын 16 жобасы қаржыландырылып, жалпы сомасы 26,3 млн теңгені құрайтын 30 жоба қайтарымсыз грантқа ие болған.

Ауылда жеке кәсіпкердің демеушілігімен «Әлі Арыстан» мешіт үйі кеңейтіліп, жанынан 30 орындық медресе мен 300 орындық асхана салынған.

Сонымен қатар білім саласын жетілдіру бағытында 120 орындық «Асыл-Ай» бөбекжай-бақшасы күрделі жөндеуден өтіп, жеке кәсіпкердің қаражаты есебінен «Аңсар-Каусар – 2020» жеке бастауыш мектебі ашылып, мемлекеттік бағдарлама аясында 83 балаға білім беруде.

Ауылдық округте спорт кешенінің болмауы ескеріліп, «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қоры ауыл орталығынан 239 млн теңгеге ауданы 720 шаршы метр болатын спорт кешенін салуды жоспарлауда.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: