Сенбі, 20 сәуiр, 08:54

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

Ақжарма: Апаттық жағдайдағы үйдің тұрғындарына сол жағалаудан баспана берілді

13.02.2022

973 0

Қызылорда қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте Ақжарма ауылдық округінің әкімі Жұмабек Әлиев 2021 жылы атқарылған жұмыстарды баяндады.

Биыл қалалық мәслихаттың шешімімен округтің шекарасы бекітілді. Бұрын Баймұрат ауылының жер көлемі 66 гектар болса, биыл 511 гектарға, Талдыарал елді мекені 21 гектардан 391 гектарға ұлғайтылды. Талдыарал ауылының аумағынан жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін 2018-2020 жылдар аралығында өтініш берген 256 азаматқа жалпы көлемі 256 000 шаршы метр жер учаскелері жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен табысталды. Сондай-ақ, апаттық жағдайдағы Н.Тасымов көшесіндегі №6 үйдің тұрғындары Сол жағалау тұрғын ауданындағы жаңа үйлерге қоныстанды, – деді ауылдық округ әкімі.

Айта кетерлігі, жаңадан берілген жерлер инфрақұрылыммен, оның ішінде ауыз су желісі және тас жолмен қамтылған. Биыл аталған жұмыстардың жалғасы ретінде жаңадан электр желілерін тарту жұмыстары үшін мемлекеттік сатып алу конкурсы өтуде.

Сонымен қатар, өткен жылы Орман шаруашылығына қарасты Құбас елді мекені Талдыарал елді мекеніне қосылып, елді мекен көшелеріне орташа жол жөндеу және ауыз су желісі тартылған. Ал, Баймұрат батыр ауылының жаңадан қоныстанған аумағына ауыз су құбырлары жүргізілген.

Ауылдық округтен дәрігерлік амбулаторияның құрылысын жүргізу үшін жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізуге жолданса, 5 аялдама мен Талдыарал елді мекеніне футбол алаңын салу мақсатында бюджетке өтінім берілген.

Өткен жылы, жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы түрлі мемлекеттік бағдарламалар аясында ауыл тұрғындарының 24,9 млн. теңгені құрайтын 3 жобасы қаржыландырылып, 3,5 млн. теңгені құрайтын 5 жоба қайтарымсыз грантқа ие болған.

Сондай-ақ, 2021 жылы ауылдық округте егін жинау науқанының қорытындысымен күріштің әр гектарынан 58,2 центнерден өнім жиналған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: