Жұма, 26 сәуiр, 21:53

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Азық-түлік бағасы бақылауда

18.09.2021

910 0

Қала әкімдігінде облыс әкімінің орынбасары Бахыт Жаханов пен қала әкімі Ғанибек Қазантаевтың қатысуымен әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру бойынша мәжіліс өтті.

Бүгінде азық-түлік бағасы – басты назарда. Осыған орай өңірлік тұрақтандыру қорына алынған ұн әлеуметтік нан пісіретін наубайханаларға төмен бағада берілуде. Соның нәтижесінде әлеуметтік дүкендерде нан бағасы 55 теңгеден сатылуда. Қазіргі кезде бағаны тұрақты ұстау үшін күнделікті мониторинг жүргізілуде. Халық ең көп тұтынатын әлеуметтік дүкен сөрелеріндегі азық-түлік өнімдері нарық бағасынан 10-15 процентке төмен. Мәселен, қаладағы «Қызылорда», «Ажар-Сити», «Мирас», «Анвар», «Аль-Асад» сияқты ірі сауда орындарында нан 55 теңгеден, 1 сортты бидай ұнының бір келісі 135, картоп 130, жуа 80, қырыққабат 80, сәбіз 170, тауық жұмыртқасы 24, қант 270, күнбағыс майы 630, қарақұмық жармасы 400, сиыр етінің келісі 1650 теңгеден сатылуда.

Әлеуметтік маңызы бар азық түлік тауар бағаларының өсуіне жол бермеу мақсатында қалада «Алтын қамба» қоры жұмыс істейді. Бүгінде қала орталығында 33 әлеуметтік дүкен бар. Жыл ішінде халық тығыз орналасқан аумақтардан тағы да әлеуметтік дүкендер салу жоспарлануда.

Кездесуде облыс әкімінің орынбасары Бахыт Дүйсенұлы әлеуметтік маңызы бар халық көп тұтынатын 19 түрлі азық-түлік тауарының бағасын тұрақтандыру мақсатында қаладағы ірі сауда орындарымен келісімге отырды. Осылайша қала халқын нарық бағасынан 10-15 процентке арзан өнімдермен қамтамасыз ету шараларын жүзеге асыру керектігін жеткізді.

Ал қала басшысы Ғанибек Қонысбекұлы азық-түлік тауарларының бағасын негізсіз өсуіне жол бермеу және олардың тиісті қорын жасақтау, сұранысқа сәйкес тауар бағасының қол жетімді болуына жағдай жасау шараларын басты назарға алып, сала басшыларына кәсіпкерлермен келіссөздер жүргізуді тапсырды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: