Жұма, 26 сәуiр, 23:30

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Балалар жылына берекелі тарту

18.11.2022

537 0

Биыл Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен «Балалар жылы» болып жарияланды. Соған байланысты шаһардың кішкентай бүлдіршіндеріне жыл бойы түрлі тарту жасалып, бірнеше мәдени шара атқарылды. Алайда облыс орталығындағы бүлдіршіндер үшін күрмеулі мәселе балалар ойын алаңы еді. Балалар жылы аясында осы мәселе шешіліп, қаланың түкпір-түкпіріндегі шағын аудандар балалар ойын алаңымен толықты.

“Балаларға жұмсалған қаржы болашаққа құйылған инвестиция” демекші, Республика күні қарсаңында аймақ көлемінде бір мезетте 80 жаңа ойын алаңы іске қосылды. Шаһар басшысы Асылбек Шәменов пен қалалық мәслихат хатшысы Ибадулла Құттықожаев сол бүлдіршіндер игілігіне беріліп, қызылордалық балаларға қуаныш сыйлаған спорт-ойын алаңдарын арнайы аралып көрген болатын.

Аралау барысында қала әкімі Бектұрғанов көшесі №17 көпқабатты тұрғын үйдің ауласында «Интегрострой» ЖШС-нің демеушілігімен салынған спорт және ойын алаңына барды. Әкім жаңа алаңқайда асыр салып ойнаған балалармен және олардың ата-аналарымен кездесіп, ел ертеңі өскелең ұрпақтың қажеттілігі үшін алдағы уақытта да түрлі жобалардың жүзеге асырылатындығын айтты. Өз кезегінде  тұрғындар да шаһар басшысына шексіз ризашылығын білдіріп, көкейлерінде жүрген өзекті мәселелерін, ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Асылбек Өмірбекұлы көпшіліктің талап-тілегі ескерусіз қалмайтынын, барлығын өз ретімен шешу жолында жүйелі жұмыстар жасалады деді.

Аслан НҰРАЗҒАЛИ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: