Сенбі, 04 мамыр, 00:28

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Сыр медицинасындағы тарихи сәт

08.12.2023

1158 0

Сурет: ОДБ баспасөз қызметі

Аймағымызда араға 9 жыл салып бүйрек ауыстыру отасы жасалды. Мұндай ота түрi өңірімiзде алғаш рет 2014 жылы жасалған болатын. Көпбейінді облыстық ауруханасында 25 жастағы еңбекке қабілетті азаматқа жасалған бүйрек трансплантациясы отасы сәттi аяқталды.

Донор – пациенттің ағайыны.
Үш жыл бойы жасанды бүйрек аппаратына тәуелді болып жүрген науқас үшін бұл көптен күткен қуанышты оқиға. Ендi ем алушы азамат бұрынғы толыққанды өмірiне оралды десек болады, яғни диализ орталығынан тәуелсіздікті, уақыт пен тамақтануға байланысты шектеулерден босап, жұмыс істеуге, еркін саяхаттауға және белсенді өмір салтын ұстануға мүмкіндік алды.
Осы ретте трансплатацияның Қызылордада жасалуына қолдау білдірiп арнайы келген А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының Басқарма төрағасы, медицина ғылымдарының докторы, профессор, жоғары санатты дәрігер Баймаханов Болатбек Бимендіұлы мен жетекшілік ететін трансплатологтар командасына алғысымыз шексіз…
Айта кетейік, көпбейінді облыстық аурухананың дәрігерлері де отаға қатысып, тәжірибе алмасты. Бүйрек ауыстыру отасы алдағы жылдарда да жалғастырылмақ.
Бүгінгі хирургияда донорлық бүйректі сәтті трансплантациялау – созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастардың өмір сүру сапасын қалпына келтіріп, олардың толық медициналық және әлеуметтік оңалуын қамтамасыз етеді.
Аурудың дамуын болдырмаудың жолы – скрининг арқылы бүйрек ауруын ерте анықтау.
Қазіргі уақытта Қызылорда облысында 85 трансплантацияланған науқас бар. Бүйрек ауыстырған қызылордалық азаматтардың бүйрек қызметі әлі күнге дейін өз жұмысын жақсы атқаруда.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: