Сенбі, 27 қараша, 13:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 (1795)
23.11.2021
PDF мұрағаты

Дариядағы су деңгейін ұлғайту бойынша келіссөздер жүргізілмек

20.10.2021

220 0

Соңғы уақытта Сырдария өзенінің төменгі ағысында вегетациялық кезең күрделі су тапшылығы жағдайында өтуде. Осы мәселеге байланысты бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқарма басшысы Бауыржан Шаменов су тапшылығы жағдайына байланысты БАҚ өкілдеріне мәлімдеме жасады.

«Биылғы жылдың қыркүйек айынан бастап Шардара су қоймасынан Сырдария өзенінің төменгі ағысына жіберіліп жатқан су көлемі 30 текше метрді құраған болатын. Бұл су деңгейінің күрт төмендеуіне әкелуде. Осыған байланысты, облыс әкімдігімен ҚР Премьер-Министріне және Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан мемлекеттерімен Сырдария өзенінің төменгі ағысына су жіберу көлемін ұлғайту мәселесі бойынша келіссөздер жүргізу жөнінде ұсыныстар жолданды. 2021-2022 жылдардың вегетацияаралық кезеңінде мемлекеттердің су алу лимиттері мен Нарын-Сырдария су қоймалары каскадының болжамды жұмыс режимін келісу кезінде қаралатындығын жеткізді. Сонымен бірге, ағымдағы жылдың 18 қазаны сағат 18-00 ден бастап Шардара су қоймасынан Сырдария өзенінің төменгі ағысына 50 м3/с су тасталуда», – деді Бауыржан Серікұлы.

«Сырдария өзені су деңгейіне байланысты өткен жылмен салыстырғанда біраз төмендеуі байқалады. Негізгі себебі – Сырдария өзені трансшекаралық өзен болып саналады. Жалпы жылына екі рет судың көлеміне байланысты халықаралық комиссия арнайы тексереді. Комиссия отырысының қорытындысы бойынша биыл Сырдария өзені арқылы Қазақстан териториясына сәуір мен қыркүйек айларында 4 млрд м3 су келуі керек деп болжанған. Қазіргі уақытта 2 млрд текше метрге жуық су келген. Бұл 60 пайызды қамтып отыр. Көксарай су реттегіші және Шардара су қоймасында толық пайдалануға және шекті пайдалануға ең төменгі шегі 650 млн текше метрге дейін су қалды. Осының себепті қыркүйек және қазан айларында жоғарыдан келіп жатқан су көбейген жоқ. Соның есебінен төменге тастайтын су 30 текше метрге дейін азайған. Қазіргі уақытта облыстың шекарасынан 60-65 текше метр. Ал Қызылорда қаласы тұсынан 66 текше метр су өтіп жатыр», – деді Арал-Сырдария бассейіндік инспекциясы басшысы Сейілбек Нұрымбетов.

«Қыркүйек айынан бастап Шардара су қоймасынан төменгі ағысқа 30 текше метр, Қызылорда Су торабынан төменгі ағысқа 55-60 текше метр су жіберілген. Мәселен жаз мезгілінде егістік суару маусымы кезінде Қызылорда су торабынан төменгі ағысқа 75-80 текше метр су жіберілді. Сондықтан негізсіз ақпаратқа сенуге болмайды», – деді Қазсушар РММ Қызылорда облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Жорабек Ерназаров.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: