Бейсенбі, 02 мамыр, 02:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Елден сұрақ, әкімнен жауап

11.04.2022

1181 0

«Елден сұрақ, әкімнен жауап» айдары арқылы бұған дейін Тасбөгет пен Белкөл кентінің, Қызылжарма ауылының әкімдері тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Бүгінгі кезекте Ақсуат ауылдық округ тұрғындарының сауалына ауылдық округ әкімі Мәмбетәлі Ақмырзаев жауап берді.

Ауылдағы жұмыссыздық деңгейін азайту мақсатында қандай жұмыстар атқарылуда?

Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту аясында 2022 жыл басынан бері тұрақты жұмысқа 17 адам орналасып, ақылы қоғамдық жұмысқа 28 адам, және «Жастар тәжірибесі» бағдарламасына 3 жас қамтылса, әлеуметтік жұмыс орнына 3 адам жұмыспен қамтылды.

Сонымен қатар Ақсуат ауылдық округін табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында мердігер «Алия-Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылыс жұмыстарын жүргізуге қалалық жұмыспен қамту орталығы арқылы 50 адамды  жұмысқа тарту жоспарлануда.

Наурызға жаңадан салынған көшелердің бойына балалар алаңдарын салу жоспарда бар ма?

Ауылдық округтің 2021 – 2023 жылдарға арналған даму жоспарына сәйкес, екі балалар ойын алаңын салуға қалалық бюджеттен қаржы сұралуда, қаржының бөлінуіне қарай шешімін табады.

Бекмұратов көшесіне асфальт төселе ме?

Т.Бекмұратов көшесіне 2021 жылы  жоба-сметалық құжаты әзірленіп, облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасына бюджеттік өтінім жолданды.

Аяқ су қашан жүргізіледі? Тал егейік десек су жоқ

Ж. Махамбетов ауылында дана электрлі насос арқылы халықты аяқ сумен қамтамасыз етуде, аяқ сумен қамтылмаған жаңадан қоныстанушы тұрғындарды аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында Сырдария өзенінің деңгейінің төмендеуіне байланысты ауылдық округтегі Ө.Құлманов және  Т. Бекмұратов көшелерінің бойына жаңадан қоныстанушы тұрғындарды маусымдық аяқ сумен қамту мақсатында су ұңғымасын орнату жоспарлануда.

Жаңадан қоныстанған аймақта жарық қашан болады?

Жаңадан қоныстанушы тұрғындар тұратын 32 көшені электр желілерімен қамту мақсатында қалалық бюджеттен қаржы бөлініп, жоба-сметалық құжаты әзірленуде.

Аялдамалар бар, бірақ автобус неге жүрмейді?

Қалалық тұрғын үй шаруашылық автомобиль  жолдары бөліміне №2 және №12 қоғамдық көліктердің жүру бағытын өзгертуге ұсыныс жолданды, аталған бөлім тарапынан жұмыстар жүргізілуде.

Ауылға газ қашан жүргізіледі?

Ақсуат ауылдық округін табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында «Мемлекеттік сатып алу» заңына сәйкес, мердігер «Алия-Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылыс жұмыстарын жүргізуде.

Ауылды қоқыстан тазарту жұмыстары неге жүйелі жүргізілмейді?

Ауылдық округке қарасты аймаққа тазалық жұмыстары күн сайын, яғни  25 қоғамдық жұмысшылар ауылдық округтің қоқыстарын жинау жұмыстарын  тұрақты жүргізіп, әр апта сайын сенбілік жұмыстары ұйымдастырылуда.

Сонымен қатар қазба жұмыстары жүргізілу жөнінде және  кәріз қалдықтарын бей-берекет төгу бойынша ауылдық учаскелік полиция инспекторымен бірлесіп апта сайын рейдтік іс-шара жұмыстары жүргізілуде.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: