Бейсенбі, 28 наурыз, 19:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Ерікті жастар форумы өтті

03.12.2020

1782 0

Бүгін қала әкімінің орынбасары Асқарбек Есжанов Темірбекұлының қатысуымен «ЕРІКТІ ЖАСТАР ФОРУМЫ» өтті.
Қызылорда қаласында өз еркімен қоғамға пайдасын тигізуді көздейтін еріктілердің қатары жыл санап артып келеді.

Осы бағытта биыл Волонтерлар жылына орай, қала әкімдігі тарапынан волонтер жастарды қолдауға арналған бірнеше әлеуметтік жобалар жүзеге асырылды. Сонымен қатар, қала жастарының мәдени-рухани орталығына айналған қалалық жастар ресурстық орталығы жанынан «Біргеміз» волонтерлар корпусы құрылып, 200-ден астам волонтер жастардың жұмысы үйлестірілді.
Форум барысында қала әкімінің орынбасары Асқарбек Есжанов «Мемлекет басшысы белгілеп берген жеті бағытта да біздің жастар ерекше белсенділік танытып, қоғам игілігі үшін жасалған әрбір істердің басында жүрді. Ол екінің бірінің қолынан келмейтін іс. Міне осындай адамгершілік қасиеттер біздің жастарымыздың бойынан табылғаны мені қуантады», – деп жылы лебізін білдіре отырып, жыл көлемінде үздік деп танылған ерікті жастарды қала әкімінің «Алғыс хатымен» марапаттады.
Марапатталушылардың бірі және бірегейі Қожахметова Нурила еңбектің еленгеніне ризашылығын білдіре отырып, Өзі бастаған белсенді жастармен үйден 700-ден аса бетперде тігіп, оларды қала тұрғындары мен жалғыз басты қарт адамдарға таратқаны туралы үлгілі ісімен бөлісті.
Ал, арнайы «Мектепке жол» акциясы бойынша мұқтаж отбасыларға 200-ден астам компьютерлерді тегін жөндеген Руслан Жақанұлы бұл игі істі алдағы уақытта да жалғастыратындығын жеткізді.
Өздеріңізге белгілі, қаламыздың ерікті жастары әлемді шарпыған пандемия кезінде түрлі бағытта бастама көтеріп, қайырымды істерге белсене араласты.
Айта кету керек, форум барысында 2 бағытта, яғни «Еріктілермен жұмысшы топ мүшелеріне жұмыс жасау әдістемесі» және «Медиа еріктіліктің контентке пайдасы» тақырыбанда секциялық жұмыстар жүргізіліп, волонтерлар тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: