Дүйсенбі, 06 мамыр, 10:40

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Ерсін Шамшадин жаңа қызметте

21.10.2021

1530 0

«Сыр медиа» серіктестігіне қарасты облыстық «Ақмешіт жастары» газеті бас редакторының орынбасары қызметіне Ерсін Шамшадин тағайындалды.

Ол 2018 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда Университеті журналистика мамандығын тәмамдаған.

2018 жылы тәуелсіз басылым «Ақмешіт ақшамы» газетінде тілші

2019 жылы Қызылорда облыстық халық шығармашылығын дамыту мәдени-продюсерлік орталығында маман.

2020 жылдан бүгінге дейін Қызылорда қалалық «Ақмешіт апталығы» газетінде тілші қызметін атқарып келді.

Көптеген республикалық басылымдар мен интернет ресурстарда мақалалары жарияланып тұрды. Сонымен қатар, республикалық, облыстық жыр мүшәйраларының жүлдегері. Өлеңдері бірнеше ұжымдық жинаққа енді. Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының Алғыс хат иегері.

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі.

Сағитжан Бермағанбетов атындағы жас журналистер байқауының жеңімпазы.

Орыс-ағылшын тілдерін жетік білетін маман аудармамен де шұғылданады.

Әріптесімізге жаңа қызметінде сәттілік тілейміз

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: