Бейсенбі, 02 мамыр, 02:52

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Филиал қызметкерлері марапатталды

15.12.2020

2906 0

Бүгін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиал директоры Айдын Қайруллаев Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында корпорациямыздың дамуына үлес қосып, халыққа қызмет көрсету саласында елеулі еңбек етіп келе жатқан филиал қызметкерлерінің бірқатарын марапаттады.

Салтанатты жиында халыққа қызмет көрсету саласына қосқан үлесі үшін Манат Зарқұмқызы Конституциямыздың 25 жылдығына орай мерекелік медальімен марапатталса, ал, Лаура Қолғанатқызы, Оразалықызы Ботагөз, Әуезова Мария, Сейтжанұлы Әділхан есімді қызметкерлеріміз «Еңбек даңқы» медалімен марапатталды.

Сонымен қатар, филиалымыздың қызметкерлері Гүлмира Кәрібайқызы, Ақжан Болатбекқызы, Аида Бердібекқызы корпорациямыздың «Кәсіподақ қызметінің дамуына қосқан үлесі үшін» төсбелгісін иеленді. Сонымен қоса, бірқатар қызметкерлер облыс, қала әкімінің және филиал директорының алғыс хатымен марапатталды. 

Мерекелік шарада филиал директоры Айдын Бөкенбайұлы ұлтымыз үшін қастерлі де қасиетті ұғым саналатын Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтап, 29 жылда еліміз жеткен жетістіктерді баяндады. Еліміздіңдамуыүшін, тынбай тер төгіп, аянбайеңбекеткенЕлбасыныңерлігіне де ерекшетоқталды.

Жиын соңында марапатталған қызметкерлердің барлығы еліміздің амандығын, тұтастығы мен тұрақтылығына тілектестік білдіріп, баянды болашақ үшін аянбай адал қызмет етуге сенім білдірді.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: