Бейсенбі, 18 сәуiр, 17:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Көпір салынады

05.02.2022

1405 0

Қала әкімі Ғанибек Қазантаев жұмыс сапарымен қалаға іргелес жатқан ауылдарды аралады.

Шаһар басшысы әуелі Ақжарма ауылдық округінің Талдыарал елді мекеніне ат басын бұрып, ауыл шетіне көшіп келушілерге арналған жер учаскелеріне жүргізілетін инфрақұрылым жұмыстарының барысын көрді. Бүгінде 250-ге жуық тұрғын орналасатын аумаққа тас жол төселген. Алдағы уақытта электр бағаналары орнатылып, ауыз су желісі тартылады. Аталған жұмыстар жыл соңына дейін аяқталып, тұрғындар игілігін көреді. Шаһар басшысы ақжармалықтардың ұсынысына сәйкес, амбулатория мен футбол алаңын салу және ауыз су мұнарасын орнатуға мүмкіндіктер қарастыратындығын жеткізді.

Қазіргі таңда бұл ауылда пайданың көзін тауып, кәсібін дөңгелетіп отырған еңбекқор азаматтар жетерлік. Солардың бірі – Серік Жанайдаров. Ол бірнеше жыл бұрын ата кәсіпті қолға алып, мемлекеттік бағдарламаның көмегімен мал бордақылау алаңын салған. Бүгінде кәсіпкер қала халқын ет өнімдерімен қамтамасыз етіп қана қоймай, саумал, қымыз сатып, жақсы табыс тауып отыр. Шаруа қожалығының жұмысымен танысқан қала әкімі кәсіп иесіне сәттілік тіледі.

Бұдан соң Ғанибек Қонысбекұлы Тасбөгет кентіндегі іргелі істердің жай-жапсарымен танысты. Мұнда да тың жоба, жағымды жаңалықтар аз емес. Мәселен, ақпан айының ортасынан бастап Тасбөгет кентінің орталығында 53 пәтерлі көпқабатты үйдің іргетасы қаланады. Аталған нысанды «Фирма «МТО-Центр» ЖШС өз қаражатына салып, 2023 жылдың алғашқы тоқсанында пайдалануға беруді жоспарлап отыр. Әкім компания басшысына келешек тұрғындар тарапынан реніш болмауы үшін құрылыстың сапалы жүргізілуін міндеттеді.

Жұмыс сапарымен барған шаһар басшысына ардагерлер кент шетіндегі зираттың қоршалуына, халық санының артуына байла-нысты қосымша дәрігерлік амбулаторияның салынуына ықпал жасауын сұрады. Өз кезегінде Ғанибек Қонысбекұлы мәселенің шешілу жолдарын қарастыратындығын, халық өтініші жауапсыз қалмайтытынын жеткізді.

Қала әкімі осыдан кейін ат басын Белкөл кентіне бұрып, ардагерлермен жүздесті. Келелі кездесуде ақсақалдарға жаяу жүргіншілерге арналған көпірдің құрылысын таныстырды. Кентті екіге бөліп тұрған шойын жолдан өту тұрғындар үшін қауіпті екені рас. Сол себепті көпір құрылысы күн тәртібіндегі негізгі әрі уақыт күттірмейтін шаруа болып тұр. Ғанибек Қазантаев ақпан айында басталатын көпір құрылысы қазан айында аяқталатынын айтты. Әкім аталған жұмыстың сапалы әрі уақытылы жүруін қадағалауды тиісті сала басшыларына тапсырды.

К.АҚТАН

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: