Сейсенбі, 16 сәуiр, 15:47

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Н.Нәлібаев: «Жастар театры» ұлт мұрасын ұлықтап, киелі өнерін көкке шығарған тарлан тұлғалардың лайықты жалғасы

14.12.2020

840 0

Бұл туралы қала әкімі «Жастар театрының» халықаралық байқау қорытындысы бойынша  марапатталу салнатында айтты.

Ағымдағы жылы халықаралық театр фестивалінде Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған Оңталап Нұрмахановтың «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым…» трагифарсын тамашалаған өнер ұжымы 1 млн.теңгенің грант сертификатын жеңіп алып, ең жоғарғы І дәрежелі дипломға ие болған болатын.

«Жастар театры» 2016 жылы қала әкімдігінің қолдауымен              Асқар Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйі жанынан құрылған. Құрылған 4 жыл ішінде репертуары бірнеше қойылыммен толығып, өскелең ұрпаққа киелі сахна өнерін дәріптеп, талантты жастар өнер сахнасында шыңдалып келеді.  Жас театр аз уақытта түрлі деңгейдегі байқауларға, фестивальдерге қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүрген шығармашыл ұжымға айналды.

Қала әкімі қазақ өнерінің көшін жалғап, өнердің киесін сақтап, ұрпақтар сабақтастығы мен ұлы өнерді насихаттап жүрген театр ұжымына  аймақтың мәдениет саласын дамытуға қосқан үлестері үшін алғыс білдіріп, алдағы шығармашылық жолдарына табыс тіледі. Сонымен қатар, алдағы жылы театрдың 5 жылдығы кең көлемде аталып өтіп, «Жастар театры» жеке мекеме ретінде құрылатынын айтты.

          Шара соңында өнер ұжымы Халықаралық театр фестивалінің ең жоғарғы І дәрежелі дипломымен марапатталып, арнайы сертификаттар мен медальдарға ие болды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: