Сейсенбі, 23 сәуiр, 21:09

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Облыс әкімі облыстық жедел штаб отырысын өткізді

17.01.2022

895 0

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова онлайн форматта коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі облыстық жедел штаб отырысын өткізді.

Жиынға облыс әкімінің орынбасары Балжан Шәменова, облыс әкімі аппаратының басшысы Ерлан Райғаниев, облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова, денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазылов, облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Әлия Әбдіқайымова, салалық жауапты департамент басшылары мен Қызылорда қаласы және аудан әкімдері селекторлық байланыс арқылы қатысты.

Аймақ басшысы өңірдегі эпидемиологиялық жағдайдың күн өткен сайын күрделеніп бара жатқанын тілге тиек етіп, вакцинациялау мен ревакцинациялауды күшейту қажеттігін қаперге салды.

Жедел штаб отырысын қорытындылаған аймақ басшысы жауапты салалық басқарма мен департамент басшыларына, қала және аудан әкімдеріне нақты тапсырма жүктеді. Мәселен, науқастармен қарым-қатынаста болған тұрғындарды шұғыл түрде анықтап, аурудың таралуына жол бермеу міндеттелді. Мониторинг топтардың жұмысын жандандырып, тұрғындар арасында ревакцинациялау жұмыстарын күшейту тапсырылды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: