Жұма, 29 наурыз, 04:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Облыс әкімі «Qyzylorda» және «Qogam» телереарналарына барып, журналистермен пікірлесті

14.02.2022

866 0

Ақпараттың сәт-сайын жаңарып отыратын кезеңінде жылдам хабар тарату өте маңызды. Көрерменмен тікелей байланыс орнатып, жаңалықтар легін қалыптастыруда телеарналардың орны ерекше. Әсіресе, қасіретті қаңтар оқиғасы кезеңінде ақпарат ағымын екі есеге күшейткен «QYZYLORDA» және «QOGAM» телеарналары аймақ тұрғындарына нақты ақпарат таратты. Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова қос телеарнаға барып, редакцияның шығармашылық ұжымымен кездесті.

Алдымен өңір басшысы «QYZYLORDA» арнасының материалдық-техникалық базасымен танысты. Жаңалықтар қызметінің ақпараттық-студиялық блогы, виртуалды студия мен түсіру повильонының жұмысын саралады.
Телеарна директоры Жағыппар Қарабала ақпараттық саясатты қалыптастыру ісіндегі телеарнаның үлесі мен журналистер арасындағы сабақтастықты ерекше атап өтті. Сонымен бірге облыс әкімі телевизия саласының ардагерлері, журналистер және эфир тізгіншілерімен пікірлесіп, ақпараттық контентті әрі қарай ілгерілету жолдарын сөз етті.

Телестудия алаңына келген Гүлшара Әбдіқалықова жаңа форматтағы «11 студия» бағдарламасының қонағы болып, Сыр халқын алаңдатқан сұрақтарға жауап берді. Сұхбатта «қасіретті қаңтар» оқиғасы, егінге дайындық барысы, Сырдария суының жағдайы мен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, инвестициялық жобалар мен кәсіпкерлік мәселелері қозғалды.

Мұнан кейін аймақ басшысы «QOGAM» телеарнасына барып, ұжыммен кездесіп, арна жұмысымен танысты.
Жаппай тәртіпсіздік кезінде облыстық сот ғимаратында орын алған өрт телеарнаға да залалын келтіріп, бірнеше кабинеттер мен шағын студияны да от шарпыған. Қазір телеарна жұмысын қайта қалыпқа келтіріп, хабар таратуды жалғастыруда.

Телеарна құрылтайшысы Шәкизада Әбдікәрімов телеарнаны сандық хабар тарату форматына көшіру мәселелері мен арна арқылы жас журналистердің тәжірибесін толықтыру сынды ойын ортаға салды.

Облыс әкімі телередакция ұжымына шығармашылық табыс тілеп, мемлекеттік саясатты ақпараттандыру, өңірдегі өркенді істерді тұрғындарға жеткізу ісінде табандылық танытып жүрген БАҚ өкілдеріне шынайы алғысын жеткізді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: