Жұма, 19 сәуiр, 23:41

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Облыс әкімі террорлық әрекет салдарынан қираған ғимараттарды тез арада қалпына келтіруді тапсырды

14.01.2022

963 0

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен аймақтағы террорлық актіден зардап шеккен нысандарды қалпына келтіру мәселелері бойынша жиналыс өтті. Отырысқа облыс әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, қала әкімі, салалық басқарма мен құрылыс мекемелерінің басшылары қатысты.

Аймақ басшысы жиын барысында залал келген нысандарды қалпына келтіру мәселелерін шешуге жедел кірісу қажет деп ескертті. Сондай-ақ, ғимаратқа жасалған әрбір жұмыс сапалы әрі бұрынғы қалпынан кем болмауы тиіс екенін жеткізді.

«Зардап шеккен әкімшілік ғимараттарды жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын жедел жүргізу қажет. Сондықтан, облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы айқындалған жөндеу жұмыстарын жүргізетін мердігерлермен бірлесіп, тиісті шараларды қолға алыңыздар», – деді облыс әкімі.

Жиында облыс әкімі террорлық әрекет салдарынан ғимараттары зардап шеккен Ішкі істер органдары, облыс әкімінің аппараты және Қызылорда қаласының әкімдігіне мердігерлік ұйымдармен шарт жасасу жөніндегі жұмысты жүргізіп, жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын бастауын тапсырды. Ал Соттар әкімшісінің және Nur Otan партиясының ғимараттарын жөндеу жөнінде келісім-шарттар жасауды облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасына жүктеді.

Айта кетейік, шығынды есептейтін арнайы комиссия нысандар бойынша 6 млрд.теңге шамасында залал келгенін жеткізді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: