Сейсенбі, 19 наурыз, 13:44

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№23(2033)
19.03.2024
PDF мұрағаты

Қала әкімі еріктілерді марапаттады

14.12.2020

1258 0

Қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев пандемия кезіндегі қиын кезеңде қала аумағында қауіпті індеттің таралмауына күш салып, бір кісідей жұмылып, аяқтан тік тұрып қоғамның пайдасы үшін игі істер жасаған бірқатар еріктілерді марапаттады.

        Коронавирус пандемиясы кезінде денсаулық сақтау мамандары, әскери бөлім қызметкерлері мен сарбаздар, құқық қорғау органдарының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері еңбектерін арнаған саланың табысты дамуымен қатар өз өмірлерін қауіпке тігіп, барлық сақтық шараларын сақтай отырып, халыққа тікелей қызмет көрсеткені белгілі.

        Шарада шаһар басшысы ел басына күн туған шақта алдыңғы шептен табылған әр сала үздіктерінің ерен еріктілігін, еселі еңбегін атап өтіп, арнайы алғыс хаттар табыстады. Алдағы уақытта да еріктілер белсенді азаматтық ұстанымдарын қаланың дамуына жұмсап, байыпты бастамаларға бастамашыл болатынына сенім білдіретінін жеткізді.

        Кездесуде сөз алған Қызылорда қоғамдық телеарнасының журналисі Назгүл Қажытаева қиын кезеңде сақтық шараларын сақтап, нақты ақпаратты уақытылы жеткізу  қоғамның негізгі сұранысына айналып, тәулік тынысын, ішкі ахуалды шынайы баяндау көп күш салуды қажет еткенін айтып, еңбегін елеген ел азаматтарына алғысын білдірді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: