Сенбі, 07 желтоқсан, 18:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Қала әкімі Ғ.Қазантаевтың 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтауы

08.03.2022

2560 0

Ардақты аналар! Қадірлі қыз-келіншектер!


Сіздерді көктемнің шуақты мерекесі – ардақты ана, асыл жар, аяулы әпке мен қарындастың ортақ мейрамы – 8 наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.

Әйел ана – өмірдің өзі, бақ пен берекенің көзі, нәзіктік пен көркемдіктің сәні, мейірімділік пен парасаттың мәні. Сондықтан да 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесінің орны әрқашанда бөлек. 

Сіздердің демократиялық, зайырлы және құқықтық мемлекетті баянды етудегі рөлдеріңіз де ерекше.  Өйткені «Ана ұлтты тәрбиелейді» деген сөз қазақта бекер айтылмаған.Көктемнің алғашқы күндерімен келетін мерекелік көңіл-күй Сіздердің сергектіктеріңіз бен күш-жігерлеріңіздің қуат көзіне айналсын. Табиғат ана жанданып, мейірім шуағын молайтып, дүние түрлі түске боялатын көктемнің әсем мерекесі шуақты шаттығы мен баянды бақытын сыйласын. 

Отбасыларыңызға амандық, зор денсаулық, бақыт пен сәттіліктер тілеймін!

Құрметпен, Қызылорда қаласының әкімі Ғ.Қазантаев

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: