Сейсенбі, 16 сәуiр, 14:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Қала әкімінің Тәуелсіздік күнімен құттықтауы

16.12.2021

1052 0

ҚАДІРЛІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ, АРДАҚТЫ АҒАЙЫН!

Баршаңызды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!

Ел егемендігі – ең алдымен ұлтымыздың ежелден бостандыққа деген асқақ рухының жеңісі. Ол кез-келген ұлт үшін ең қымбат мұра десек, қазақ халқы үшін бабалардың асыл арманының орындалған сәті, Тәуелсіздіктің алтын ғасырына аяқ басқан мерейлі мезеті.

Бұл – ұрпақтарымыздың ұлы болашағы үшін, халқымыздың теңдігі мен тәуелсіздігіне жол ашылған қастерлі күн.

Бұл – тіліміз бен дініміз, дәстүр-салтымыз бен әдет-ғұрпымыз қайта жаңғырған, тарихымызды түгендеп, елдігімізді талайға мойындатқан ұлы күн.

Бұл – ұлтаралық татулық пен дінаралық келісім салтанат құрып, көзқарастары мен пікірлері сан алуан дүниенің дүйім жұртын бір мақсат, бір мүддеге жұмылдырып, шекараны шегендеп, тату тірлігін әлемге паш еткен күн.

Алдымызда халықтың бірлігін сақтап, татулықты одан әрі нығайту, ұлттық рух пен туған тілімізді, ата-баба дәстүрін дәріптеп, ұрпағымыздың бақытты болашағы жолындағы игі істерге жұмсау міндеті тұр.

Құрметті жерлестер!

Елдік пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осы салтанатты күні Сіздерге игілік пен бақыт, бақ-дәулет, ырыс тілеймін. Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларыңыз сәтті болсын!

Ізгі ниетпен,

Қызылорда қаласының әкімі

Ғанибек Қазантаев

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: