Жексенбі, 05 мамыр, 08:11

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Қоғамдық көлік мәселесі қаралды

29.10.2021

856 0

Қала әкімі Ғанибек Қазантаев қаладағы жеке тасымалдаушы қоғамдық көлік мекемелерінің басшыларымен кездесті.

Кездесу барысында қала әкімі қоғамдық көлік қызметіндегі қордаланған мәселелерді ашық талқылап, оның шешілу жолдары бойынша тиісті жұмыстардың жүргізіліп жатқандығын айтты.

Қазіргі таңда қоғамдық көлік қызметіне тұрғындар тарапынан қойылатын сауалдардың саны артқан. Сол себепті мәселені оңтайлы шешу мақсатында қала әкімдігі жанынан жеке тасымалдаушы мекеме басшыларын қоса отырып, арнайы жұмысшы тобы құрылады. Бұл өз кезегінде түйіткілді проблеманың түйінін тарқатуға септігін тигізетін болады.

Жалпы, жолаушылар тасымалымен 28 бағытта 370-ке жуық жеке қоғамдық көлік қызмет көрсетіп келеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: