Бейсенбі, 28 наурыз, 14:51

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Қосшыңырауда жол жөнделіп, жарық жүргізілген

19.02.2022

1071 0

Қосшыңырау ауылдық округінің әкімі Сейдуали Әбдіқадыров 2021 жылы атқарылған жұмыстарды баяндады. Оның ішінде өткен жылы «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында округте 5 көше жөндеуден өткенін айтты. Сондай-ақ ауыл әкімінің хабарлауынша, Абай елді мекеніндегі №1, №5 және Қырман көшесіне, Досан ауылындағы №1 және №9Б көшелеріне асфальт төселген.

Жарықтандыру жұмыстары шеңберінде Абай ауылына кіре-беріс жолға және сиыр фермасы аумағына түнгі жарық бағаналары орнатылып, мәдениет үйінің қас беті мен ауласы абаттандырылған.

– Округіміздегі ең өзекті мәселелелердің бірі ауылымызды газбен қамтамасыз ету болса, бұл бағытта жоба-сметалық құжаттарын әзірлеуге облыстық бюджеттен қаржы қаралды. Бүгінгі таңда жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптама қорытындысын алуға ұсынылды. Сонымен қатар Досан ауылына талапқа сай электр қуатын жүргізу, ауылішілік жолдарды жөндеу және Абай ауылы, сиыр фермасына ауыз су жүргізіп, жол салу, «Дарбас», «Арғын» бейіттерін қоршау, балалар ойын алаңын салу жұмыстарына жоба-сметалық құжаттары әзірленуде. Бұл құ-жаттарды алдағы мамыр-маусым айларына дейін дайындауды жоспарлап отырмыз, – деді ауылдық округ әкімі.

Одан бөлек Досан ауылына медициналық бекет салу үшін облыстық құрылыс басқармасы тарапынан жоба-сметалық құжаттары дайындалып, мемлекеттік сараптама қорытындысын алуға ұсынылған.

Бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде атқарылған жұмыстардың нәтижесінде округте 177 кәсіпкерлік субъектілері жұмыс істеуде. Жыл басынан бері мемлекеттік бағдарламалардың қолдауымен 72 млн теңге қаржыны құрайтын 11 жоба қаржыландырылған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: