Жұма, 19 сәуiр, 11:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Құрметке бөленген күн

13.12.2021

801 0

Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрында ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Жасампаздыққа толы жылдар» атты салтанатты шара өтті.

Мерекелік кешке ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев, облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова, Тұңғыш Ғарышкер Тоқтар Әубәкіров, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Мұрат Бақтиярұлы, Нұртөре Жүсіп, Ақмарал Әлназарова қатысты.

– Тәуелсіздік алғаннан кейін Арал проблемасына үлкен мән беріле бастады. Елбасының ұсынысы бойынша «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» ауқымды жобасы қолға алынды. Осының арқасында Солтүстік Аралдағы су деңгейін көтеріп, көптеген биологиялық түрлерін қалпына келтіруге мүмкіндік туды. Алдағы бес жыл ішінде өңірлерді дамыту бойынша ұлттық жобаны іске асыруға айтарлықтай қаржы бөлінеді. Елдің «ішкі байланысын» күшейту міндеті қойылып отыр. Ішкі көлік желісін дамыту үшін республикалық және жергілікті маңызы бар жолдар салынады және реконструкцияланады. Бұл Қызылорда облысының көлік-логистикалық әлеуетін одан әрі арттыра түсетіні сөзсіз, – деді Сенат төрағасы.

Салтанатты жиында Қызылорда облысының әкімдігі мен облыстық мәслихатының бірлескен шешіміне сәйкес  «Қызылорда облысының құрметті азаматы» атағы тапсырылды. Бұл құрмет ғарышкер-ұшқыш, Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы Тоқтар Әубәкіровке, Еңбек ардагері, су шаруашылығына еңбегі сіңген қайраткер Нариман Қыпшақбаевқа, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлына берілді. Сонымен қатар елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына атсалысып жүрген бірқатар азаматқа мемлекеттік награда табысталды. Марапат биігінен көрінгендердің қатарында әріптесіміз, облыстық «Кызылординские вести» газетінің бас редакторы Қазыбек Ботаев та бар. Қаламгерге «Ерен еңбегі үшін» медалі табысталды.

Салтанатты шара Сыр өнерпаздарының  мерекелік концертіне жалғасты.

А.ҚАДЫРХАНЫЗЫ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: