Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 20:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Құрылыс бөлімі не атқарды?

06.02.2022

1295 0

Баспасөз орталығында өткен брифингте қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Біржан Далабаев қалалық құрылыс бөлімі тарапынан 2021 жылы атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

2021 жылы «Нұрлы жер» және «Өңірлерді дамыту 2020-2025 жылға дейінгі» мемлекеттік бағдарламалары аясында қаланың инженерлік – коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту мақсатында қала және қалаға қарасты елді мекендерде ауыз су, электр желісі, газ желісі, малтатасты жол құрылысы секілді бірқатар жобалар жүзеге асырылған.

Мәселен, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында Сырдария өзенінің сол жағалауындағы №4 тұрғын кварталы, СПМК-70 тұрғын ауданындағы №2, №4 тұрғын аудандары толық инженерлік – коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтылса, «Бәйтерек» мөлтек ауданында ұзындығы 9,7 шақырым болатын 5 көшеге ауыз су, 7,4 шақырым газ желісі, 9,1 шақырым электр желісі, 0,9 шақырым болатын 3 көшеге малтатасты жол құрылысы жүргізілген.

Сондай-ақ аталған бағдарлама аясында өткен жылы «Сабалақ» елді мекені сапалы ауыз сумен қамтылса, биыл Ақсуат ауылдық округіне газ желілерін тарту жұмыстары бастау алды.

Сонымен қатар, өткен жылы ауыз су желісінің құрылысы Арай-Шұғыла тұрғын ауданында, Әубәкіров, Есетов және Тәуке хан көшелерінде жүргізіліп, Тұрмағанбет көшесінен Н. Шәменұлы көшесіне дейінгі аралығы, Шанхай, Гагарин аумағындағы жеке тұрғын үйлердің ауыз су желісі қайта жаңғыртылған.

Электрмен жабдықтау құрылысы бойынша Әл-Фараби қыстағындағы ұзындығы 7,1 шақырым болатын 12 көше, Титов қыстағындағы ұзындығы 8,2 шақырым болатын 13 көше және Сәулет мөлтек ауданындағы 2,2 шақырым болатын 3 көше электр желісімен жабдықталды.

Малтатасты жол құрылысы КБИ мөлтек ауданындағы 9,8 шақырым болатын 26 көшеде жүргізілді.

«Өңірлерді дамыту 2020-2025 жылға дейінгі» мемлекеттік бағдарламасы аясында Белкөл кентіндегі 1 көшеде, Баймұрат батыр ауылындаға 5 көшеде ауыз су желісі құрылысы, ал Бірқазан елді мекеніндегі 2 көшеде ауыз су және электр желісі құрылысы, Талсуат ауылдық округіндегі ет комбинаты мен Наурыз елді мекеніндегі 31 көшеде электр желісінің құрылысы жүргізілген.

– Өткен жылы СПМК-70, Сол жағалау тұрғын аудандарында 1830 пәтерлі 37 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілді. Биыл ипотекалық 640 пәтерлі 2 үйдің құрылысын аяқтау жоспарлануда. Сондай-ақ, арендалық 250 пәтерлі 5 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы бастау алды, – деп қорытындылады бөлім басшысы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: