Сенбі, 27 сәуiр, 01:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Қысқа мал азығы дайын

08.11.2021

645 0

Биыл облыс бойынша 188,1 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Негізгі дақыл күріштің көлемі – 83,6 мың гектар. Аудандарда егілген 6,8 мың гектар күздік бидайдан 9,4 мың тоннаның өнімі жиналды. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қайратбек Сәрсенбаев егін жинау науқанының қорытындысы мен қысқы мал азығын даярлау жөніндегі жұмыстарды тізбектеді.

«Биылғы орын алған су тапшылығына байланысты күріш дақылының көлемі өткен жылмен салыстырғанда 5,9 мың гектарға азайтылды. Ал көкөніс және бақша дақылдарының көлемі 9,8 мың гектарға дейін артып, егіс көлемі 3,9 мың гектарға көбейді. Жаздық бидайдан 4,4 мың тонна өнім жиналды. Жалпы күзгі егін жинау науқаны толық аяқталды», – деді Қайратбек Сәрсенбаев.

Аймақта мал шаруашылығы саласында оң динамика қалыптасып, мал басы тұрақты өсіп келеді. Сондай-ақ төрт түліктен өндірілген өнім көлемі де артуда. Биыл облыс бойынша қысқа түсетін 534,7 мың мал басына 769,9 мың тонна ірі азық дайындау жоспарланған. Қазіргі таңда қажетті мал азығы 109,8 пайызды құрады.

«Мал басында өткен жылмен салыстырғанда біршама өсу байқалды. Атап айтсақ, мүйізді ірі қара – 8,2, қой мен ешкі – 6,5, жылқы – 14,2, түйе – 8,1 процентке көбейді. Тиісінше, ет өндірісі 2,4, сүт өнімі 2,3, жұмыртқа 3,1 процентке артты. Бұдан бөлек, облыс бойынша қуаңшылық зардабын жоюдың және қысқа түсетін ауыл шаруашлығы жануарларын жем-шөп қорымен қамтамасыз етудің арнайы жоспары бекітілді. Қысқа түсетін малдарға 213,6 мың тонна азық қажет, бүгінде соның 80,9 проценті қамтылды», – деді Қайратбек Әубәкірұлы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: