Сенбі, 21 желтоқсан, 17:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылорда: Кинотеатр жексенбі және мереке күндері жұмыс істейтін болды

08.12.2020

2165 0

8 желтоқсанда Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Д. Жаңабергенова жаңа, № 28 қаулыға қол қойды. Жаңа қаулыда 31 қазандағы № 25 қаулыға өзгерістер енгізілген. Қаулы 2020 жылдың 11 желтоқсанынан бастап күшіне енеді.

Өзгерістерге сай енді сауда үйлері жексенбі және мереке күндері жұмыс жасайтын болды. Бұл жөнінде қаулыда былай деп жазылған:

«Сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда желілері, азық-түлік емес және жабық азық-түлік базарларының, сауда орталықтарының жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, бір келушіге 4 м2 есебінен толтырылуын 30 %-тен асырмай, рекреация және демалыс аймақтарында сатып алушылардың болуына жол бермей және балалар ойын алаңдары, ойын орталықтарының және аттракциондарының жұмысына қатаң тыйым салумен, жұмыс және сенбі күндері сағат 10.00-ден 23.00-ге дейін және жексенбі мен мереке күндері сағат жұмыс уақыты сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін белгіленсін. Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық, маска режимдерін қатаң сақтай отырып, фудкорттардың жұмысы тек тамақты жеткізу қағидасымен жүргізілсін».

          Сондай-ақ, осыған дейін қоғамдық тамақтану саласындағы кәсіпкерлердің көтерген мәселесі де Өңірлік кеңес төрағасы мен Палата басшылығының жергілікті атқарушы органмен бірлесе атқарған жұмысы негізінде шешімін тапты. Бұл саладағы нысандар енді кешкі сағат 23.00-ге дейін жұмыс жасайтын болды.

«Қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысын орналасқан жеріне қарамастан, ғимараттың ішін 50 %-ке дейін толтыруды, бірақ 50-ден аспайтын отыратын орынның толуы бойынша шарттарды сақтай отырып, көрші үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты және бір үстелде 4-6 адамнан аспайтын отыруды сақтай отырып, караоке, би алаңдарының, бар жұмысына қатаң тыйым сала отырып, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен жұмыс кестесін сағат 09.00-ден 23.00-ге дейін белгіленсін. Осы тармақта белгіленген жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін келушілердің тамақтану залында болуына тыйым салумен, авто-экспресстің және тамақты жеткізудің жұмысын штаттық ұйымдастыру».

Сонымен бірге кинотеатрлар да жексенбі және мереке күндері жұмыс жасайтын болды.

«Кинотеатрлардың қызметіне рұқсат беруді (толтырылуын 30 %-дан асырмай, infokazakhstan.kz порталында тіркеле отырып, маска режимін, шахмат тәртібімен отырғызуды, әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып) жұмыс және сенбі күндері сағат 10.00-ден 23.00-ге дейін және жексенбі мен мереке күндері жұмыс уақытын сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін белгілеу», – делінген қаулыда.

kyzylorda-news.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: