Жұма, 22 мамыр, 12:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№37 (2249)
19.05.2026
PDF мұрағаты

Қазақстандықтар енді жеке кәсіпкерлік атауын онлайн өзгерте алады

22.05.2026

97 0

Фото: gemini AI

Қазақстандық кәсіпкерлер енді жеке кәсіпкерліктің (ЖК) атауын салық органына бармай-ақ өзгерте алады. Қызмет толықтай цифрлық форматқа көшіп, бірнеше минуттың ішінде жүзеге асады, – деп хабарлайды  kursiv.media

Uchet.kz мәліметінше, тіркеу деректерін eLicense.kz порталы немесе кейбір екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы жаңартуға болады.

Кәсіп атауын өзгерту үшін кәсіпкер eLicense.kz порталында ЭЦҚ немесе SMS-пароль арқылы авторизациядан өтуі керек. Одан кейін жеке кәсіпкерліктің тіркеу деректерін өзгерту қызметін таңдап, бизнестің жаңа атауын енгізеді. Кейін хабарлама электронды қолтаңбамен расталып, автоматты түрде мемлекеттік кірістер органдарына жіберіледі.

«Өтініш тексерілгеннен кейін жаңа мәліметтер барлық мемлекеттік деректер базасында автоматты түрде жаңартылады», – делінген хабарламада.

Тіркеу деректерін өзгерту ҚР Салық кодексінің 80-бабына сәйкес жүзеге асырылады. Заң талаптарына сәйкес, тіркеу деректері өзгерген жағдайда бұл туралы хабарлама 10 жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберілуі тиіс.

Айта кетейік, 2026 жылдың алғашқы тоқсаны отандық шағын және орта бизнес үшін ауыр сынақпен басталды. Салық заңнамасындағы соңғы өзгерістерден кейін, әсіресе, арнайы салық режимімен (АСР) жұмыс істейтін кәсіпкерлердің табысы күрт төмендеп, айналымы 30–40 пайызға азайып кеткен. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: