Сенбі, 27 шiлде, 04:45

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№59-2069
27.07.2024
PDF мұрағаты

Қызылорда қаласындағы коммуналдық қызметтердің басқару ісі оңтайландырылды

05.03.2022

773 0

Қала аумағын тазалау және тұрғын үйлерді ауыз сумен қамту ісінде коммуналдық қызметтердің бір арнадан басқарылып, қызмет ету аясын оңтайландыру маңызды. Осы себепті де өткен жылдың соңында «Қызылорда тазалығы» ЖШС мен «Қызылорда су жүйесі» кәсіпорны қызметі біріктіріліп, қайта жұмысын бастады. Дегенмен, екі кәсіпорынның жұмысын жолға қоюда бірқатар мәселелер бар. Осы себепті бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова «Қызылорда тазалығы» ЖШС-не барып, мамандармен пікірлесіп, ортақ мәселелерді ашық талқылады.

Талқылау жиынына облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов, қала әкімі Ғанибек Қазантаев, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ерлан Жаңабаев және кәсіпорын басшылығы қатысты.

Қызылорда қаласының әкімінің орынбасары Ғабит Жаңабаев кәсіпорын жұмысын ілгерілету ісіне қажетті жоспарлар жасалғанын тілге тиек етті. Мәселен, өткен жылы екі кәсіпорын атқаратын қызметтер біріктіріліп, 1590 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Дегенмен, коммуналдық қызметтерді атқаратын техникалардың 77 пайызы тозғандықтан, жаңа көліктерді алудың қажеттілігі туындағанын атап өтті. Себебі қала ішіндегі көше тазалау жұмыстарының ауқымы кеңеюіне байланысты арнайы техникаларды дайындау маңызды.

Кәсіпорын жұмысын зерделеген облыс әкімі бюджет мүмкіндігіне қарай мәселені жан-жақты сараптап, техникаға қажетті қаржыны табу ісі қаралатынын жеткізді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: