Жұма, 22 қазан, 16:59

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№83 (1785)
19.10.2021
PDF мұрағаты

Қызылорда: Жаңа жылда мерекелік отшашу болмайды

23.12.2020

2297 0

Коронавирус инфекциясының алдын алу мақсатында биылғы Жаңа жыл мерекесін атап өту жылдағыдан өзгеше болмақ.

«Қала әкімдігі тарапынан биылғы жаңа жыл мерекесіне арналған қаланы безендіруге бюджеттен арнайы қаржы қаралмағандығын жеткіземіз. Бұған қоса, мерекенің бас символы ретінде орталық алаңға орнатылатын Жаңа жылдық шырша жаңадан сатып алынбайды. 2018 жылы сатып алынған шырша қайта жасақталып, орнатылады. Қаланы мерекеге сай әрлеу жұмыстары бюджеттен арнайы қаржы қаралмағандықтан бұған дейін сатып алынған құралдармен безендірілетін болады», – делінген Қызылорда қаласы әкімдігінің таратқан хабарламасында.

Қаланың бас шыршасы орталық алаңда орнатылуда. Жаңа жылдық шырша ресми ашылмайды. От шашу болмайды. Мерекелік шаралар өткізілмейді. Әкімдік қызметкерлері үшін Жаңа жылдық салтанатты кеш ұйымдастырылмайтын болды.

Айта кетейік, Қызылорда облысының Бас санитарының 2020 жылғы 31 қазандағы №25 қаулысының 1.3 тармағында «отбасылық, салтанатты, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге» тыйым салынған. Яғни, банкет немесе басқа да ұжымдық жиналу шараларына рұқсат етілмейді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: