Сәрсенбі, 16 қазан, 06:42

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№82-2092
15.10.2024
PDF мұрағаты

Қызылорда жылу маусымына дайын ба?

28.09.2021

966 0

Бүгін қала әкімінің орынбасары Елмұрат Рахматуллаевтың басшылығымен бірқатар сала басшыларының қатысуымен жиналыс өтті. Басқосуда шаһардың жылу беру маусымына дайындық жұмыстары пысықталды.

Жиында жылу беру жұмыстарының жүргізілуі және көп қабатты тұрғын үйлер мен инженерлік жүйелердің дайындығы туралы мәлімдеген қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Абзал Рысбекұлы қазіргі таңда көпқабатты тұрғын үйлердегі ақауларды ретке келтіріп, өжіре ішіндегі жылу құбырлары мен қондырғыларға ревизия жасау жұмыстары жүргізіліп жатқандығын жеткізді. Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Бауыржан Оспанов 2021-2022 жылдарға арналған жылу беру маусымы кезеңінде Қызылорда қаласына қажет етілетін қатты отын көлемі шамамен 37000 тоннаны құрайтынын және көмір қорының тұрғындарды қамтуға толық жеткілікті екенін атап өтті.

Өз кезегінде Қызылорда жылу электрорталығының директоры Науырыз Сатханов жылу орталықтарының дайындығы туралы хабарлама жасап, жылу беру маусымына дайындық жұмыстары бекітіліген кестеге сәйкес жүргізіліп, уақытылы аяқталатынын баяндады.

Сонымен қоса, ағымдағы жылы жылу құбырларының тозығын азайту мақсатында инвестициялық бағдарлама аясында 2021 жылға «ҚЖЭО» МКК-і өз қаражаты есебінен 4,3 шақырым жылу құбырларын жаңғырту жоспарланған болатын. Қазіргі таңда, жөндеу жұмыстарының бекітілген кестесіне сәйкес жылу құбырлары толығымен ауыстырылды. Биылғы жылдың 10 қыркүйектен бастап магистралдық және кварталаралық жылу құбырларына қорытынды гидравликалық сынақ жұмыстары жүргізілуде. Сынақ жұмыстары 5 қазанға дейін жүргізіліп, ары қарай жылу желілеріндегі желілік су салқын айналымға қойылатын болады.

Жиын соңында Елмұрат Нұрмаханбетұлы жалпы биылғы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары бекітілген жоспарға сәйкес жүргізілуде. Дей тұрғанмен жылу энергия көздерінің әлеуметтік нысандардың және көппәтерлі тұрғын үйлердің сапалы, әрі мерзімінде қажетті жылумен қамтамасыз етілуі қалалық штабтың қатаң бақылауында екенін жеткізе отырып, сала басшыларына тапсырмалардың мерзімінде және нәтижелі орындалуын тікелей өз бақылауында болатынын жетікізді. Сондай-ақ, пәтерішілік ескі жылу құбырларын ауыстырып, тазалау жұмыстарын жүргізу керектігін ескертіп, сала мамандарына пәтер иелеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Айта кетейік, биыл жылу беру маусымы жылдағы кестеге сай 15 қазаннан басталады деп межеленген. Алайда күн райы күрт өзгеріп, бірнеше күн қатарынан сынап бағанасы төмендесе, қаланы жылумен қамту ертерек басталуы мүмкін.

Ескере кету керек, көп қабатты тұрғын үйлердің пәтер иелері тарапынан 5-ші қабаттан қысым айналымы үшін құбырлардан ауа шығару, жұмыстарын жүргізуі қажет. Үйішілік және пәтерішілік жылу желілеріне техникалық қызмет көрсетуді (ақауды қалпына келтіру, ысырмаларды ашу, құбырлардан ауа шығару) сол үйдің пәтер иелері кооперативі (ПИК) немесе кондоминиум объектісін басқару органымен бірлесіп атқару қажет.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: