Жұма, 26 сәуiр, 05:48

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Рәміздер күніне арналған мерекелік шара қорытындыланды

05.06.2021

1849 0

Тәуелсіздігіміздің тұмары, елдігіміздің айбары саналатын рәміздерімізді ұлықтауға арналған мерекелік бағдарлама “Домбыра-думан” атты жастар кешімен түйінделді.


Өнер аллеясында өткен шараға Сырдың белсенді жастары өнер көрсетіп, кешті ашса, республика көлемінде танымал Марат Сүгірбай, Жарасхан Төлебай, Түменбай Ақжол, Айдар Сайлауов, Жәнібек Жақсан секілді сырбойылық өнерпаздар думанды жиынды қыздыра түсті.


Сонымен қатар, “Еркін микрофон” аясында жиылған көрермендер үшін өнерлерін ортаға салуға мүмкіндік берілді.

Кешкің арнайы қонақтары, эстрада жұлдыздары Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдина келіп, өнерпаздар ортасын толтырды. Қызылорда қаласы тұрғындарына алғыстарын айтқан жұлдызды жұп шығармашылықтарындағы хит әндерін тарту етті.


Кеш соңында Қызылорда облысы жастар ресурстық орталығының директоры Azamat Mukei думанды кештің арнайы қонақтарына ыстық ілтипатын білдіріп, Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Мира Казбекованың алғыс хатын табыстады.
Мерекелік кештің куәсі болған көрермендер көңілдері дән риза екенін білдіріп, ұйымдастырушылар мен өнерпаздарға алғыстарын жаудырды.


Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған мемлекеттік рәміздеріміз болашаққа бет түзеген ұлы көшімізді демеп, игі істерімізді қолдай бергей!
Әрдайым еліміз тыныш, халқымыз аман, туымыздың мәртебесі биік болсын!

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: