Жұма, 19 сәуiр, 18:48

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Рухани жаңғыру» орталығы» директоры тағайындалды

21.12.2021

847 0

Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасы басшысының бұйрығымен 2021 жылғы 21 желтоқсаннан бастап Дауылбай Мақсат Дауылбайұлы «Рухани жаңғыру» орталығы» КММ директоры лауазымына тағайындалды.

Мақсат Дауылбай 1996 жылдың 12 мамырында Қызылорда қаласында дүниеге келген. Жоғары білімді.

2017 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетін «журналист» мамандығы бойынша бітіріп, 2020 жылы «гуманитарлық ғылымдар магистрі» академиялық дәрежесін иемденген.

Әр жылдарда Қызылорда облыстық филармониясында «сценарист», Нұр-Сұлтан қаласындағы ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық ғылыми-практикалық орталығында» жетекші сарапшы, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Рухани жаңғыру» Қазақстандық қоғамдық даму институтында» жетекші сарапшы, Қызылорда облыстық «Рухани жаңғыру» орталығында бөлім басшысы, Қызылорда облыстық кәсіподақтар орталығының «Келешек жастар кеңесінің» төрағасы лауазымдары бойынша еңбек еткен.

2021 жылдың ақпанынан бүгінгі күнге дейін Қызылорда облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі директорының орынбасары қызметін атқарып келді.

Осы уақытқа дейін «Рухани жаңғыру» орталығы» КММ директоры болып келген Ибраев Уалихан Серікұлы Облыстық ішкі саясат басқармасының ҚХА хатшылығы – Этносаралық қатынастар мәселелері жөніндегі бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: