Сейсенбі, 17 мамыр, 05:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№38 (1843)
14.05.2022
PDF мұрағаты

«Сабалаққа» су келді

21.01.2022

525 0

Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Қызылорда қаласындағы «Сабалақ» саяжайындағы ауыз су қоймасының құрылысын көрді.

Тұрғындар үшін өзекті саналатын мәселелерді шешу маңызды. Әсіресе, елді мекендерді ауыз сумен қамту, жол сапасын жақсарту, білім ошақтарын салу сынды мәселелер кезең-кезеңімен шешілуде.

«Сабалақ» саяжайын ауыз сумен қамтамасыз ету үшін 2019-2021 жылдар аралығында ұзындығы 67 шақырымды құрайтын магистральді және ішкі ауыз су желілері жүргізіліп, елді мекен тұрғындарына пайдалануға берілді. Сондай-ақ, жаз мезгілінде су тапшылығын болдырмау мақсатында жеке демеуші есебінен қосымша ұңғыма қазылып, сыйымдылығы 50 текше метр болатын ауыз су мұнарасының құрылысы жүргізілді. Бүгінде жұмыстар толық аяқталып, орталық су желісіне қосылды.

Өңір басшысы тұрғындардың игілігі үшін елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстарының жоспарға сай әрі сапалы жүргізу керектігін қаперге салды.

Бүгінде облыс халықының 97 пайызы орталықтандырылған ауыз суға қосылған.
Мұнан кейін өңір басшысы «Арай-3» мөлтек ауданындағы жаңадан салынатын мектеп құрылысы үшін бөлінген жер учаскесіне барды.
Мөлтек ауданынан 800 орындық мектеп құрылысын салу үшін 3 гектар жер учаскесі белгіленген. Қазір білім ордасының жобалық-сметалық құжаттамасы әзірлеу мен құрылысқа дайындау жұмыстары басталды.

Мұнан бөлек, аумақта сот қызметкерлерін баспанамен қамтамасыз ету үшін 1 гектар жер қаралған. Екі жоба бойынша аталған аумақтарды құммен толтыру жұмыстарын жүргізу керек. Мамандардың есебіне сәйкес, 250 мың текше метр, яғни 500 мың тонна құм керек.

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова демографиялық көрсеткіштің артуына байланысты жаңа мектептерді салу қажеттігін атап өтіп, жаңа мектеп орын тапшылығы шешуге ықпал ететінін тілге тиек етіп, қала әкімі Ғанибек Қазантаев пен құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының Бердияр Пірімбетовке мектеп салу ісіне қажетті жұмыстардың уақытылы әрі сапалы жүргізу керектігін тапсырды.

Айта кету керек, аймақта өткен жылдың қыркүйек айында 750 орындық 3 мектеп пайдалануға берілді. Оның екеуі жеке меншік мектеп. Биыл 8 мектептің құрылысы жүргізіліп, 7 білім ордасы жыл аяғына дейін пайдалануға беріледі.

Тағы да оқыңыз: